Мен еркін елдің ұланымын (шығарма)

Мен еркін елдің ұланымын (шығарма)
Фото: pravastarih.me

Тәуелсіздік деген кезде ең бірінші есіме отбасым келеді. Себебі менің еркіндік туралы ойымды бірінші ұғындырған менің анам, менің әкем. Олардың тәрбиесі мен ақылы менің ақылды және еркін болу өсуге үйретті.

Алған тәрбиемнің арқасында тәуелсіз елімінің қандай қиындықтардан өткенін білдім. Кешегі тарихтың қойнауында жатқан сұм жылдардың азабы мен машақатын оқыдым, түйдім.

Ал қазір «тәуелсіздік» десе көз алдыма бірден отаным – Қазақстан елестейді. Себебі қазақ халқы үшін «тәуелсіздік» ұғымы өте құнды. Сан жылдар бойы ата-бабамыз аңсап келген осы бір аса құнды сөздің астарында үлкен мән жатыр. Бүгін біз бақытты ұрпақпыз. Біз тәуелсіз ұрпақпыз. Біз еркін ұрпақпыз. Мұны біріміз сензінсек, біріміз сезіне алмаспыз, бірақ мен еркін елдің ұланымын.

Мектеп қабырғасында жүрген бізден үшін осы еркін елдің егемендігін тұғырында ұстап тұру үшін білім алу керек. Қай саланы таңдайтынымыз маңызды. Ертең ел үшін еңбек етуге тура келеді. Бұл – парыз. Маман болу оңай, тек соны іске асыру үлкен еңбек. Бір кітаптаптан алу керек білімді алу үшін мың кітапты оқуға тура келеді. Сондықтан мектеп қабырғасында жүрген өзім секілді еркін елдің ұландарына айтарым, білімді біліп емес, түсініп алған жөн.

Біреуге жаныңыз ашымаса, елдің елдігін түсіне алмасаңыз, қарапайым мысал айтайын. Сіздің ата-бабаңыз сіздің әке-шешеңізге дейінгі ғасырларда тар жол тайғақ кешкен, сұрапыл соғыс көріп, найзаның ұшы, білектің күшімен бүгінгі күн үшін шайқасқан. Сіздің ата-анаңыз да кеңес үкіметінің құрсауында болып, бодандықтың дәмін сезінді. Тек сіз ғана еркін елде еркін тыныстап жүрген. Сондықтан сізге дейінгі жеті атаңыздың жасаған ерлігін түсіну және оны жүзеге асыру, әрі қарай мақсат қойып дамыту міндетіңіз.

Тәуелсіздік деген сөзді естіген кезде енді мен отбасымды және Отанымды ойлаймын. 

М. Ақан