Қызықты қысқа әңгімелер

Қызықты қысқа әңгімелер
Фото: Sunshine.ru

Артық ойлардан бір мезгіл миымызды тынықтырып көркем әдебиет оқуға демалыс күндер өте қолайлы уақыт. Әлем әдебиеті жазушыларының ең қысқа әңгімелері қандай болды екен?

Чарльз Энрайт "Елес"
Бұл оқиға болысымен қайғылы хабарды келіншегіме жеткізу үшін үйге асықтым. Бірақ ол мені мүлдем тыңдамаған сыңайлы. Маған тесіле бір қарады да, өзіне шарап құйып алды. Теледидарды қосты.
Осы кезде телефонға қоңырау келді. Жақындап барып, тұтқаны алды. Оның беті тыжырайып бара жатқанын көрдім, өкіріп жылап жіберді.

Алан Е.Майер "Сәтсіздік"
Оянсам, бар жан-тәнім ауырып жатыр екен. Көзімді ашқанда кереуетімнің жанында тұрған медбикені көрдім.
 Фуджами мырза, - деді ол, - сіздің жолыңыз болды, екі күн бұрын Хиросимадағы бомбалаудан аман қалдыңыз. Бірақ сіз қазір ауруханадасыз, еш уайымдамаңыз. Денсаулығыңызға еш қауіп жоқ.
Әлісіздіктен өлімсіреген дауыспен:
 Мен қайдамын? - деп сұрадым.
 Ногасакиде, - деп жауап берді.

Джей Рип "Тағдыр"
Біздің жағдайымыз шиеленісіп кетпей тұрғанда, оны шешудің бір ғана жолы бар. Жеребеге сеніп тапсырайық. Бүк түссе  біз үйленеміз, шік түссе  мәңгілікке қош айтысамыз.
Тиын тасталды. Жер бетінде шыр айналып барып, тоқтады. Бүк.
Оған сенер-сенбесімізді білмей қарап қалдық та, бір деммен: "Мүмкін, тағы бір көрерміз?" дедік.

@. @assel_assanova