Ардақ Нұрғазыұлының әдеби сын семинарлары өтеді

Ардақ Нұрғазыұлының әдеби сын семинарлары өтеді
Фото: azattyq.org

17 және 18 желтоқсан күндері «Отандасыңды оқы» жобасы аясында «Дом Q» театрында Ардақ Нұрғазыұлының әдеби сын семинарлары өтеді.

17 желтоқсан күні  басталуы сағат 10.30-да (14.00-ге дейін).

18 желтоқсан күні басталуы сағат 14.00-де (16.30-ға дейін).

«Отандасыңды оқы» жобасын Алматы қаласы Мәдениет басқармасының қолдауымен Алматылық Ашық Әдеби Мектеп (ОЛША) жүргізеді. 

Ардақ Нұрғазыұлы – ақын, жазушы, әдеби сыншы, журналист. Бірқатар өлеңдер мен әңгімелер жинақтарының, «Қазақтың модернистік поэзиясы» сын еңбегінің авторы.

Еске сала кетсек, өткен айда «Полифония» фестивалінің шығармашылық кездесулері аясында және «Отандасыңды оқы» жобасының шеңберінде ақын, прозашы һәм әдеби сыншы Ардақ Нұрғазыұлымен шығармашылық кездесу өткен болатын. Шығармашылық кеште Ардақ Нұрғазыұлы өзінің қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі өлеңдері, поэмалары мен прозалық шығармаларын оқыды. Өзіндік ерекшелікке ие шығармалар туралы оқырман көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді.

Әдеби сын семинарлары «Дом Q» театрында (Фурманов көшесі, 119) өтеді. Қызықты кештен құр қалмаңыз!

Н. Айдархан