Әлемдік бестселлер авторы Вишневскиймен өткен кездесу

Әлемдік бестселлер авторы Вишневскиймен өткен кездесу
Фото: massaget.kz

Бүгін, 31 қазан күні Алматы қаласындағы Меломан дүкендер желісінде отбасылық бағдарламасының шеңберінде Екінші Халықаралық «Полифония» әдеби фестивалі өтті деп хабарлайды, Massaget.kz тілшісі.

Фестиваль ұйымдастырушылары – Алматы ашық әдебиет мектебі. Сонымен қатар, Алматы қала әкімшілігі, Алматы қаласының мәдениет басқармасы, Almadeniet қорының қолдауымен өтті.

Фестиваль мақсаты – кітап оқуды насихаттау, қазақстандық әдебиет пен баспагерлік істі дамыту, Республикамызда сапалы әдеби орта құру. Бұл міндеттерге Қазақстанда тұратын халықтар мен ТМД шеңберіндегі әдебиеттер арасындағы мәдени-әдеби дәстүрлер алмасуын нығайту, әлемдік әдеби кеңістікке шығу қажеттілігі жатады.

Польшадан арнайы келген қонағымыз Януш Леон Вишневскиймен болған сұхбатты жариялаған болатынбыз. Фестивальде жазушымен кездесуге асығып келген қалың оқырман авторға кітаптары жөнінде және бұрыннан көкейлерінде жүрген бірнеше сұрағын қойды.

Көптен күткен фестивальдің бұл бөлімі ойдағыдай, жоғары дәрежеде өтті. Ары қарай фестиваль жөнінде суреттер сөйлейді.

@. @assel_assanova