Хат жазып тұршы, жан досым (поэзия)

Хат жазып тұршы, жан досым (поэзия)
Фото: voxpopuli.ru

Осыған дейін 1-ші тамыздан 15-ші қазанға дейін Қазақстанда балалар әдеби байқауы өткізілетіндігі туралы хабарлаған болатынбыз. Байқауға қатысуға қазақстандық мектеп оқушылары мен 18-ге толмаған кәсіби оқу орындары және жалпы білім беру мекемелерінің оқушылары шақырылады. 

Екінші халықаралық «Полифония» әдеби фистивалінің шеңберінде өтетін «Балалар әдеби конкурсы—2015» байқауына қатысуға ниет білдірген Сетеш Саламаттың өлеңдерін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қыс

Ақ ұлпа шомып, дала мүлгіп жатқанда,

Ақырып аяз, бетіңді шаншып ақпанда,

Бөрісі шулап, ұлып қойып аспанға,

Шықсаң жортып, ақ жиекті ақ таңда.


Ақ көрпе орап, ағаштар сырға таққанда,

Бәрі де аппақ, бәрі де таза бақтарда

Көзің тоймай қарай-қарай бересің,

Сырғанасаң шаңғыменен шатқалға. 


Төрт маусым

Күн шуақтап тіршіліктер жанданды,

Тұқымын алып диқан да өз ісіне қамданды,

Күн жылынып төңірекке нұрын төккенде

Мұз бен қар да кететінін аңғарды.


Көктемнің нұры жайдары жазға ұласып,

Мәуелі ағаш әдемі түрлі гүл ашып,

Жаңбыр да жауып күнде бұлттап әр едік

Күздің де келді күндері дағы нұр шашып.

 

Жапырақ біткен сарғайып алтын тәрізді,

Көмкерді жерді жапырақ сары әр ізді,

Өмірдің тылсым күші мен күйбең тірлігі,

Ақ қалаға өзі әкеп тастағандай тәрізді.

 

Қыстың қамын әуелі жазда қамданар,

Кімде-кім болса далаға аппақ таңданар,

Кезімен келген осы төрт маусым

Қыс бітсе көктем, тіршілік қайта жанданар.

 

Хат жазып тұршы жан досым

Көңілдегі сырды айтамын көрінгенге,

Менің сырым оларға шындық боп көрінген бе?

Жан досым-ау өзіңді сағындым ғой,

Айырды екен екеумізді өмір неге?

 

Сен айтасың сағындым өзіңді деп,

Сағындым дауысыңды боз үнді деп,

Досым-ау қасымда жүріп алып,

Сағындым, әрбір айтқан қалжың сөзіңді деп.

 

Хат жазамын жан досым өзіңе ,

Білемін мән бересің әрбір сөзіме,

Досым-ау, хәлің қалай, аманбысың?

Сұрағыма жауап берші, хат қайтаршы өзіме.

 

Қайтейін өмірімнің тоқтығына,

Мұңаямын қасымда жоқтығыңа,

Өзің жоқта қорқамын жан досым-ау

Өмірдің соқтығып қалам ба деп соқтығына.

 

Хат жазып тұршы, ұмытпашы жан досым,

Жаман парақ өміріме мән болсын

Өзіңнің жоқтығыңды білдірмей

Хат жазып тұршы өтінемін күн үзбей.

 

Өрт сөндіруші

Самалды жаздың бір күні,

Сол күні қараңғы түні еді,

Кенеттен шыққан айқайдан

Аласұрып иттер үреді,

Өрт кетті деді айқайлап,

Адамдар кетті ойбайлап

Жарыса шықтық далаға,

Түрлі-түсті ой ойлап.

70-аула өртенді,

Өртенгенін көз көрді,

Өрт сөндіргіш машина

Мезгілінде, тез жетті,

Құтқарып үйдегі адамды,

Қайтпас қаһарман табылды.

Қызыл жалынмен күрескен,

Талай алып қамалды.

Бір үйлі жанды құтқарды,

Өз міндетін атқарды,

Сөндірді өртті жалынды,

Қорғаны елдің қарымды.

Егемен елдің ұланы,

Мақтанышы жыр-әні,

Өрт сөндіргіш мәңгілік

Ел есінде тұрады!

Құрметті оқырмандар, осымен байқауға еңбек қабылдау уақыты аяқталды. Өкінішке орай, бұдан кейінгі жұмыстар фестивальге қатыса алмайды. 

Қ. Бүйенбай