Януш Леон Вишневский: «Қазақстандықтар менің кітаптарымды жақсы көреді екен»

Януш Леон Вишневский: «Қазақстандықтар менің кітаптарымды жақсы көреді екен»
Фото: Януш Леон Вишневскийдің жеке архиві

Осыған дейін 1-ші тамыздан 15-ші қазанға дейін Қазақстанда балалар әдеби байқауы өткізілетіндігі туралы хабарлаған болатынбыз. Байқауға қатысуға қазақстандық мектеп оқушылары мен 18-ге толмаған кәсіби оқу орындары және жалпы білім беру мекемелерінің оқушылары шақырылады. 

Екінші халықаралық «Полифония» әдеби фистивалінің шеңберінде өтетін «Балалар әдеби конкурсы - 2015» байқауында қонақ болып, төрелік етіп, мастер-класс жүргізетін қонақтарымыздың бірінен алынған сұхбатты ұсынамыз. 

Януш Леон Вишневский — атақты поляк жазушысы. Оқырман қауымға 2001 жылы «Ғаламтордағы жалғыздық» («Одиночество в сети») атты алғашқы романы шыққан соң танымал болған. «Ғаламтордағы жалғыздық.Триптих» («Одиночество в сети. Триптих», 2008 жылы), «Махаббаттағы жалғыздық» («Одиночество в любви», 2010 жылы), «Ұлыммен фейсте» («На Фейсе с сыном», 2013 жылы), «Жұбайлық өмірдің көріністері» («Сцены из супружеской жизни», 2013 жылы), «Гранд» (2014 жылы), «Іздер» («Следы», 2015 жылы) және т.б. шығармалардың авторы.

— Кемеліне келген авторға әдеби фестивальдер не бере алады?

Ең алдымен, бұл оқырмандарыммен кездесу мүмкіндігі. Мен үшін бұл өте маңызды. Әсіресе оқырмандарым менен соншама алыс елде тұрса. Өзім ғалым болғандықтан, мұндай мүмкіндіктер көп бұйыра бермейді. Сонымен қатар, басқа авторлармен де жолығатыныма қуаныштымын.

— Жазушы өз азаматтық ұстанымын ашық білдіруі керек пе әлде «өз ісімен айналысып, саясатқа араласпауы керек» пе?

Автор мұндай мақсатты алдына қоймағанымен, кейіпкерінің сөзінде, әрекетінде оның көзқарастары айқын көрініп тұрады. Егер автор көзқарасын тікелей білдіргісі келсе, оқырманға өз көзқарасы туралы ойлануға мүмкіндік бергені жөн. Автордың айтқанына қосыла ма, қосылмай ма — өзі білсін.

— Қалай ойлайсыз, сізді фестивальге не үшін шақырдық?

— Қазақстандықтар менің кітаптарымды оқығанды жақсы көреді. Шынымды айтсам, мұны осы жерге келген кезде бірінші рет естідім.

— Астана мен Алматы — сіз үшін екі бірдей қала ма әлде әртүрлі ме?

Астананың әуежайында Франкфурттан Алматыға ұшып бара жатқан кезде бір рет болдым.

— Қазақстандық жазушыларды атай аласыз ба?

— Мен көбісін білмеймін. Абай Құнанбаев пен Мұхтар Әуезовтің шығармаларының аудармасын оқығанмын.

— Қазақстан туралы жазылған туындылар есіңізде ме?

Бір кітап есімде. Оны немісше оқыдым. Лютс Сейлер атты неміс авторының «Түркісіб» атты кітабы.

Шығармалар мен байқауға қатысуға өтініштер litshkola@gmail.com электронды поштасына қабылданады.

Ж. Өрісбай