Леонид Бахнов: «Бәрі жазушының әдептілігіне байланысты»

Леонид Бахнов: «Бәрі жазушының әдептілігіне байланысты»
Фото: Леонид Бахновтың жеке архивінен

Осыған дейін 1-ші тамыздан 15-ші қазанға дейін Қазақстанда балалар әдеби байқауы өткізілетіндігі туралы хабарлаған болатынбыз. Байқауға қатысуға қазақстандық мектеп оқушылары мен 18-ге толмаған кәсіби оқу орындары және жалпы білім беру мекемелерінің оқушылары шақырылады. 

Екінші халықаралық «Полифония» әдеби фистивалінің шеңберінде өтетін «Балалар әдеби конкурсы - 2015» байқауында қонақ болып, төрелік етіп, мастер-класс жүргізетін қонақтарымыздың бірінен алынған сұхбатты ұсынамыз. 

Леонид Бахнов әдеби сыншы, редактор. Ол Уфа қаласында дүниеге келген. Жазушының ұлы. 1971 жылы МГПИ филология факультетін тамамдаған. Мектепте оқытушы болып қызмет істеген (1971-72), «Әдеби газетке» («Литературная газета», 1973), «Әдебиеттік шолу» журналына («Литературное обозрение», 1974-88) сыни мақалалар жазған. 1988 жылдан бастап «Дружба народов» («Халықтар достығы») журналының редакция алқасының мүшесі, проза бөлімінің меңгерушісі болып қызмет істеген.

Әдебиет жөніндегі сыни мақалалары «Әдеби газетте» («Литературная газета»), «Жаңа әлем» («Новый мир», 1987, №10), «Әдебиеттік шолу» («Литературное обозрение», 1989, №3, 9), «Халықтар достығы» («Дружба народов», 1989, №8, 9), «Жалау» («Знамя», 1989, №1, 12), «Қазан» («Октябрь») журналдарында, прозалық шығармалары «Ауыл жастары» («Сельская молодежь»), «Жастық шақ» («Юность»), «Континент», «Дүкен» («Магазин») журналында шыққан. 1992 жылдан бастап Мәскеу қаласындағы Жазушылар Одағының мүшесі, АРСС академигі (1997) болған.

— Кемеліне келген авторға әдеби фестивальдар не бере алады?

— Сұрағыңыз түсінікті деп айта алмаймын. Әңгіме қонақ ретінде шақырған мәртебелі жазушылар жайлы болса, осы сұрақты оларға қойсаңыз, жақсы болар еді. Мен екі рет Алматыда өткен проза мастер-класстарының жетекшісі болдым. Сондықтан талқылауға жіберілген еңбектермен әлі Мәскеуде болғанда таныса алдым және Алматыға келгенде авторларымен кездестім. Мастер-классыма қатысушылардың ой бөліскеніне қызығып қарадым, өз пікірімді айттым. Жазушылармен тікелей сөйлесу әрқашан да пайдалы. Мастер-класстарды өткізгенде, өз пайдамды да ойладым: журналыма жаңа авторларды іздеген болатынмын. «Түсім» айтарлықтай жақсы болды – кейбір авторлардың шығармалары «Халықтар достығында» бір рет емес, бірнеше рет басылып шыққан, екеуі «Орыс сыйлығын» («Русская премия») алған, және еске сала кететіні – осылардың бірі бұл сыйлықты екі дүркін алған. Қысқасы, мастер-класстар – татымды шара болған.

— Жазушы өз азаматтық ұстанымын ашық білдіруі керек пе әлде «өз ісімен айналысып, саясатқа араласпауы керек» пе?

— Егер фестиваль қонағы болған жазушы жайлы әңгіме айтсақ, жазушының оны шақырған ел туралы не айтатыны — оның жеке басына, мінезі мен әдептілігіне байланысты. Ал жалпы айтқанда, кез келген қаламгердің азаматтық ұстанымы болуы тиіс. Жазушы өз көзқарасын жасырса, шынында да жазушы бола ала ма? Ол тікелей белгілі бір нәрсе туралы айтпағанда, ұстанымын бәрібір мәтіндерінен аңғаруға болады. Зощенко сөзімен айтайын: «Зәресі кеткен жазушы – мамандығын жоғалтқан жазушы».

— Қалай ойлайсыз, фестивальге дәл сізді не үшін шақырдық?

— Бұл тұйыққа тірейтін сұрақ. Балалық шағымда, Уфа қаласында тұрған кезімде, Лёка есімді ағам үйленген болатын. Үйлену тойына мені ешкім шақырмады, бірақ үш күн өткенде, шақырды. Ата-анам айтқандай, мен былай жауап қайтардым: «Олар баланы ренжіткісі келмеді, бұлары дұрыс болды». Шынымды айтсам, сіздер мені жақсы білетіндіктен шақырдыңыздар деп ойлаймын. 

— Астана мен Алматы — сіз үшін екі бірдей қала ма әлде әртүрлі ме?

— Астана мен Алматыбұл екі бөлек қала. Екеуі атауларын өзгерткен. Астана бұрын Целиноград болды, Алма-Ата Алматыға айналды. Елі де бұрынғыдай Қазақ АКСР емес. Және мен осыған қуаныштымын. Шетелге бару - қашан да қызық!

— Қазақстандық жазушыларды атай аласыз ба?

— Мен үшін бұл оғаш сұрақ. Ширек ғасыр бойы бір журналда істеймін, ал осы журнал бірінші күнінен бастап қазақстандық авторлардың еңбектерін басып тұрады.

— Қазақстан туралы жазылған туындыларды еске аласыз ба?

— Әрине, еске аламын. Және фестивальге «Халықтар достығының» («Дружба народов») соңғы санын алып келемін. Осы санда Қазақстан туралы жазылған бір шығарма бар.

Шығармалар мен байқауға қатысуға өтініштер litshkola@gmail.com электронды поштасына қабылданады.

Ж. Өрісбай