Оқушылар қысқы каникулда неше күн демалады?

Оқушылар қысқы каникулда неше күн демалады?
Фото: Yernar Almabek/Massaget.kz

8 күннен кейін ел мектептерінде екінші тоқсан аяқталады. Қысқы демалыс 30 желтоқсанда басталады.

Мектептердегі демалыс 2021 жылдың 30 желтоқсаны мен 2022 жылдың 9 қаңтары аралығында 11 күнге жалғасады, деп хабарлады Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

"Бірінші сынып оқушылары үшін 2022 жылғы 7-13 ақпан аралығында қосымша 7 күн каникул беріледі", - делінген хабарламада.

Білім министрлігі 2021-2022 оқу жылына арналған оқу уақытын бекітті:

1. 2021-2022 оқу жылы 2021 жылдың 1 қыркүйегінде басталады;

2. оқу жылының ұзақтығы бірінші сыныптарда – 33 оқу аптасы, 2-11 (12) сыныптарда – 34 оқу аптасы.

Оқу жылы ішіндегі демалыс күндері:

1-11 (12) сыныптар күзде 7 күн (2021 жылдың 1-7 қарашасы),

2. қыста 11 күн (2021 жылдың 30 желтоқсанынан бастап 2022 жылдың 9 қаңтарына дейін),

3. көктемде 12 күн (2022 жылдың 19-30 наурызы) демалады.

Т. Раушанұлы