Шахмат үйрен — үлгеріміңді арттыр!

Академик Шахмардан Есенов атындағы қор "Мектептегі шахмат" пилоттық жобасы аясында қазақстандық оқушыларды зерттеуді аяқтады. Жоба 2017-2020 жж. қор қолдауымен Алматы, Қызылорда, Павлодар және Павлодар облысының 18 мектебінде өтті. Зерттеу нәтижесі бойынша шахматты осы уақыт аралығында оқыған оқушылар ойынды үйренбеген құрдастарымен салыстырғанда зияткерлік, шығармашылық және академиялық қабілеттері жоғары екені байқалған.

— Шахмат оқитын пилоттық және ойынды оқымайтын бақылау сыныптарында 25 психолог 6-9 жас аралығындағы 1852 оқушының 122 параметрі бойынша зерттеу жүргізді. Олар шахмат ойнайтын оқушылардың зияткерлік, шығармашылық қабілеттерінің артқандығын, алаңдаушылықтың азайғанын, ауызша және логикалық ойлау қабілеттерінің артқандығын анықтады, — деді Shakhmardan Yessenov Foundation жобалар үйлестірушісі Салтанат Ноғайбаланова.

Сауалнамаға қатысқан оқушылардың 53,7%-ұлдар, 46,3%-қыздар, 13,1%-орыстар, 79,1%-қазақтар ал 7,8%-өзге ұлт өкілдері.  Оқушылардың 63,2%-да оқыту тілі қазақ тілі болды.

— Психологтар шахматты (экспериментальды) оқыған топтар мен пән оқылмаған (бақылау) топтар арасында айтарлықтай айырмашылықты анықтады. Біріншісі екіншісіне қарағанда жоғары деңгейдегі интеллектті көрсетті. Бірінші топтағы оқушыларда вербальды-логикалық ойлаудың деңгейі жоғары, жалпы хабардарлық және жалпылау қабілеттері мықты, - деп толықтырды С.Ноғайбаланова.  

Психологтар анықтаған тағы бір қызықты жайт, эксперименттік топтарда тіпті жаратылыстану ғылымдары бойынша, шахмат оқымайтын топтармен салыстырғанда оларда бұл пәндерге аз жүктеме болғанына қарамастан, жоғары академиялық көрсеткіштер болды. Бірінші топ оқушылары жоғары өнімділік деңгейін, ойлаудың өзіндік ерекшелігін, егжей-тегжейлі айта білу қабілетін, бай сөздік қоры мен шығармашылық деңгейінің жоғарылығын көрсетті.

Қазақстанда алынған нәтижелер Мәскеудегі (Ресей) Ұлттық биомедицина және спорт институтына сараптамаға жіберілді. Ресейлік психологиялық қоғамның және Халықаралық спорт психологтар қоғамының мүшесі, педагогика ғылымдарының кандидаты (PhD), доцент Ольга Тиунова нәтижелерге былай деп түсініктеме берді:

— Шахматты оқыған сыныптардағы балалар және пән оқытылмаған сыныптардағы балаларда жаңа білім, дағдылар мен құзыреттер болды. Алайда үш жылдың ішінде шахматпен шұғылданған мектеп оқушылары барлық жағынан жоғары көрсеткіштер көрсетті. Сонымен қатар, жазғы демалыстан кейін "Мектептегі шахмат" пилоттық жобасына қатысқан балалардан ешқандай "нашарлау" байқалмаған. Шахмат ойнау - зерде мен шығармашылық ойлау арасындағы қатынасты нығайтуға, тиімді және нәтижелі ойлауға ықпал ететін танымдық құрылымды қалыптастыруға көмектеседі деп болжам жасауға болады.

"Мектептегі шахмат" жобасына қатысқан қазақстандық психологтар мектеп оқушыларының көпшілігінің ата-аналары шахмат пәні (тәжірибелік сабақтарда 60% -дан астам және бақылау сабақтарында шамамен 50%) бастауыш мектептегі негізгі оқу бағдарламасына енгізілу керек деп санайтынын айтты. Көбісі өткен жылы балаларының математика және жаратылыстану, әлеуметтік ғылымдар және гуманитарлық пәндер бойынша академиялық үлгерімдері жақсарғанын атап өтті.

Есенов атындағы қордың "Мектепте шахмат" пилоттық жобасының мақсаты — оқу бағдарламасына шахматты мектеп әкімшілігі мен оқушылардың ата-аналарының таңдауы бойынша оқытылатын пән ретінде енгізу. Үш жылдық пилоттық жұмыстың нәтижелері елдегі орта мектептердің оқу жоспарындағы пән тағдырын шешетін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне жіберілді.