Бас қатыратын не жүйкені тыныштандыратын пазл

Карантин себебімен әлем бойынша үстел ойындары мен пазл басқатырғыштарының сатылымы күрт өскен. Ал мына пазл өзгелерден тым ерекше. 

Бұл пазлды фастфудта соустарымен танымал Heinz компаниясы "57 түрлі" деген слогандарына сәйкес 57 ғана дана дайындаған. Басқатырғыш бір-біріне еш ұқсамайтын 570 бөліктен құралған. Ерекшелігі сол – пазл тұтас қызыл түсті. Ұсынушылар "ең ұзақ құрастырылатын пазл" деп атапты.

Бұған дейін 360 ақ түсті бөлшектен құралған ZEN пазлын желі қолданушылары "Жүйкені тоздыратын ойын" деп атаған болатын. Қызыл түсті пазл да сондай атауға ие бола ма екен?