Вирус видеоның зардабы

Вирус видеоның зардабы

Күні кеше әлеуметтік желіде үш жасөспірімнің секіріп, оның екеуі ортасындағы жолдасын аяғымен шалып құлатқан видеосы тарап кетті. Адам өміріне қауіп төндіретін мұндай видеоларды көрмеуге және таратпауға шақырамыз.

Видео туралы

Оңтүстік Америкада пайда болған видео алғаш рет TikTok-қа жүктелген, Skullbreaker Challenge деп аталады, тура аудармасы, "Бассүйекті жару". Осындай видеолардың астында Jump, Trip Challenge деген хэштегтер жазылған. Мұндай видеоны бірінші жариялаған адам іздестіріліп жатыр.

Ата-аналар не деп жатыр?

Регина Хирн есімді Техас тұрғыны әлеуметтік желіде баласының осындай видеоның құрбаны бола жаздағанын жазып, жанайқайын жеткізген. Жаны ауырған ана баласының өміріне аса қауіп төнбегеніне шүкір айтқан, "егер ол құлаған жерде бетон болса не болуы мүмкін?" деген ой мені әлі күнге дейін толқытады. ӨТІНЕМІН, ӨТІНЕМІН, ӨТІНЕМІН: бұл видеоны көрмеңіздер, көрсеңіз де мұндай әрекетке бармаңыздар. Бұл достар арасындағы сенімсіздікке жол ашады",-деп оқырмандарына кеңес беріпті.

Ал аризоналық Валери Ходсон есімді ана да ауруханада жатқан баласының суретін Facebook парақшасында жариялап, бұл челленджді тоқтатуды сұраған.  

"Менің балам да құрбан бола жаздады, бірақ алған жарақаты оның жасындағы балаға өте ауыр. Ол жерге құлағаннан кейін, өз аяғымен тұрған, кейін басы айналып, есін жоғалтып, алға қарай етпетімен құлаған. Нәтижесінде, басынан соққы алды, бетін тікті, аузы жыртылды, алдыңғы екі тісіне зақым келген. TikTok-тан таралған вирусты челленджді тоқтату керек" деп жариялаған екен.

Билік не дейді?

АҚШ билігі ата-аналарға балаларымен осы вирусты видео туралы сөйлесіп, келеңсіздіктің алдын алуды тапсырған. Ал Тайландта полицияның ресми өкілі Киссана Фатаначароен "Бұл ойынға қатысып, адам өміріне қауіп төндіргендерді 10 жылға бас бостандығынан айырамыз" деп үндеу жариялаған.

TikTok ше?

TikTok өкілдері осы дау туралы: "Қолданушылардың бас амандығы біз үшін басты орында. Біз адам өміріне қауіп төндіретін мұндай жазбаларға, насихаттап бөліскендерге бей-жай қарай алмаймыз. Мұндай деректерді өшіргелі жатырмыз",- деген екен Gulf News сайтына берген хабарламасында.

Дәрігер қандай кеңес береді?

Алматы қалалық клиникалық аурухана АК-ның дәрігері, терапевт Китебаева Кәмшат Нұрланқызы бассүйек зақымданса не істеу керегін былай түсіндірді.

• Белгі бірден білінбейді. Сол үшін ең алдымен, дереу жедел жәрдем шақыру керек. Егер, бассүйек қатты зақымданса, бастан қан немесе мұрыннан түссіз сұйықтық бөлінеді, көзінің асты көгереді.  

• Егер адам есін жоғалтса, демі мен тамыр соғысын тексеру керек. Ешқандай белгі байқалмаса, қолдан дем алдырып, жүрекке массаж жасаған дұрыс. Жедел жәрдем келгенше, тамыр соғысы мен демі білінсе, бір жағымен жатқызған жөн, себебі есін жоғалтқан адам құсуы не тілін жұтуы мүмкін, сол кезде тұншығып қалмау керек. Оны тұрғызуға не отырғызуға әрекеттенбеңіз. Бұл адам өміріне аса қауіпті.

• Бассүйек жабық жарақат алса, орнына мұз не суық суға малынған орамал ұстап тұру керек. Бұл әдіс терінің ісінін тоқтатып, ауырсынғанын басады.

• Егер бассүйек шытынап, әйнек не металл заттар теріге кірсе, оларға тиісудің қажеті жоқ, теріні одан сайын зақымдап, инфекция түсіруіңіз мүмкін.

• Науқасты тек жатқан күйі тасымалдау керек.  

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық мектептер екінші тоқсанда қалай оқытады?
Қазақстандық мектептер екінші тоқсанда қалай оқытады?
NASA ғарышқа жіберген картада не бейнеленген?
NASA ғарышқа жіберген картада не бейнеленген?
Қазақ ғалымы қатерлі ісікті жазатын дәрі ойлап тапты
Қазақ ғалымы қатерлі ісікті жазатын дәрі ойлап тапты
Мемлекеттер ғаламшарға айналса қандай болар еді?
Мемлекеттер ғаламшарға айналса қандай болар еді?
Зейнетақы тарихы және ең көп зейнетақы төлейтін елдер
Зейнетақы тарихы және ең көп зейнетақы төлейтін елдер
"Алтын қалам" Моңғолиядан келген Макинара Хайримге бұйырды
"Алтын қалам" Моңғолиядан келген Макинара Хайримге бұйырды