Ұрпақтар сабақтастығы: Ұлы тұлғалардың ұрпақтары

Алматыдағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында «Ұлы тұлғалардың ұрпақтары» атты кездесу өтті.

Шараға Жамбыл Жабаевтың немересі, Жамбыл Жабаев әдеби-мемориалдық музейінің директоры, ҚР мәдениет саласының үздігі Салтанат Жамбылова, Дина Нұрпейісова немересі Карима Нұрпейісова және Үмбетәлі Кәрібаев немересі, ҚР үздік өлкетанушысы, айтыс ақындары мен жыр-термешілердің халықаралық одағының мүшесі, Үмбетәлі Кәрібаев әдеби-мемориалдық музейінің директоры Әуелбек Ысқақов қатысты.

Кездесуде ұлы тұлғалардың ұлағатты өмірінен сыр шертетін әңгіме-тәмсілтер айтылып, бабалар мұрасының қазіргі уақытта насихатталуы сөз болды. Оқушылар өздерін қызықтырған сауалдарына жауап алып, ұлы тұлғалардың ғұмыры мен мұрасына қанық болды.

Әуелбек Ысқақов Үмбетәлі Кәрібаев әдеби-мемориалдық музейінің экспонаттарын, Жамбыл Жабаев әдеби-мемориалдық музейінің директоры Салтанат Жамбылова Жамбыл ақынның музейдегі экспонаттарын әкеліп, аспаптар мен бұйымдар оқушылардың көзайымы болды.