Қазақстан және әлем мектептері: 5 айрықша айырмашылық

Қазақстан және әлем мектептері: 5 айрықша айырмашылық
Фото: Томирис Ескали

Мінсіз білім жүйесі ешбір елде жоқ. Тіпті Франция, Жапония мен АҚШ мектеп оқушыларының арасында оқытушыға, сабақ кестесі мен бағалау жүйесіне наразылық білдіретіндер бар. Бүгін әлем мемлекеттеріндегі білім жүйесі және олардың Қазақстандағы мектептерден айырмашылығын айтамыз.

Италия: 13 жылдық оқу жүйесі

Картинки по запросу "school gif""

Бастауыш сынып 5 жылға созылады: 6 жастан 11 жасқа дейінгі балалар білім алады. Басқа мемлекеттер секілді бастауыш білім міндетті саналады. Алғашқы екі жыл – дайындық сыныбы. Жазу, оқу, сурет, музыка және есеп міндетті пәндер қатарына кірсе, дінтану секілді пәндер таңдау бойынша оқытылады. Бастауыш сыныпты аяқтағаннан кейін оқушы жазбаша және ауызша емтихан тапсырып, арнайы аттестат алады. Емтихан қорытындысы бойынша орта мектепке ауысады. 

Орта білім: Италияда орта білім екі сатыдан тұрады: кіші орта мектеп және жоғары орта мектеп. Кіші орта мектепке  11 мен 14 жас аралығындағы кез келген бала баруы тиіс. Кіші орта мектепті аяқтағаннан кейін ғана жоғары сыныпқа көшеді.

Жоғары орта мектеп мамандандырылған колледждер мен дайындық лицейлері болып екіге жіктеледі. Мамандандырылған колледжде жалпы орта білімді кәсіби біліммен ұштастырады. Ал, лицейлер оқушыларды жоғары оқу орындарына дайындайды. Барлық лицей мамандандырылғандықтан, таңдау барысында оқушы міндетті түрде болашақ мамандығына мән береді. Аяқтағаннан кейін олар емтихан тапсырып, диплом алады. 

Италияда 13 жылдық білім жүйесі қалыптасқан және әр бала міндетті түрде мектеп ауыстырады. Одан бөлек, ата-аналар мен оқушылар арасында 14 жаста мамандық таңдау мүмкін емес деп білім жүйесін сөгетіндер жиі кездеседі. Соған қарамастан, білім жүйесі бірнеше онжылдықтан бері өзгеріссіз келеді.

Жапония: Оқу жылы сәуір айында басталады

Картинки по запросу "japan school gif""

Бастауыш мектепке жапондар алты-жеті жасынан бастап барады. Ал жаңа оқу жылы сәуір айында басталады. Жапонияның мектептері үш сатыдан тұрады: бастауыш (Сё: Гакко), орта (Тю: Гакко) және жоғары (Кото: Гакко). Бастауыш сыныпта олар алты жыл білім алады, орта не жоғары мектепте үш жылдан оқиды. Осылайша олар 12 жылдық білім жүйесін қолданады. Оның ішінде тоғыз сынып міндетті саналады. Бірақ, оқушылардың 94%-ы оныншы сыныпқа өтеді. 

Оқу жылы үш семестрден тұрады: біріншісі сәуір айынан шілдеге дейін, екіншісі қыркүйектен желтоқсанға дейін, үшінші маусым қаңтардан наурыз айының аяғына дейін жалғасады. Барлық демалыс уақыты емтиханға дайындықпен өтеді. Емтихандар жетінші сыныптан басталып, жылына екі не үш рет өтеді және бұл уақыт аралығы әрбір жапон өміріндегі маңызды сәттердің бірі саналады. Оқу негізінен алты күндік (кей мектепте бес күн), соған қарамастан айына сенбі күні екі рет демалыс болуы тиіс. 

Франция: 20 балдық жүйе

Картинки по запросу "students gif""

Басқа мемлекеттердегідей Францияда балалар алты жасынан бастап мектепке барады. Олар бастауыш мектепті 4 сыныптан соң аяқтайды. Орта мектепке 11 жастан бастап қабылданады және оны колеж (француз тіліндегі College ағылшын тіліндегі "колледж" мағынасына сәйкес келмейді) деп атайды. Міндетті пәндер ретінде француз тілі, математика, шет тілі, физика, биология, география мен тарих (бір пән ретінде оқытылады) таңдалған. Орта мектепті бітіргеннен кейін олардың кейбіреуі колледждерге оқуға барады немесе мектепте қалып, лицейде білім алады. Ереже бойынша оқушылар гуманитарлық ғылым, экономика және құқық, жаратылыстану ғылымдары бойынша бағыттарға бөлініп білім алады. Лицейді аяқтаған соң "baccalaureat" деп аталатын жиынтық бақылау тапсырады. Бакалавр дәрежесін алу кез келген университетке емтихансыз түсуге мүмкіндік береді.  Сонымен қатар, Франция бала білімін бағалауда 20 балдық жүйені қолданады.

Қытай: Жазғы демалыс тек бір ай

Картинки по запросу "chinese  gif""

Бастауыш сынып алты жылға созылса, кейінгі орта және жоғары сыныптарды үш жылдан оқиды. Алғашқы екі саты міндетті әрі тегін, ал толық жоғары сыныпты аяқтау үшін ақы төлеуге тура келеді.
Қытайдың білім жүйесі балаларға шектен тыс күш салады: олар барлық демалысын оқуға жұмсайды. Одан бөлек, оқу күнін екіге бөледі: жарты күн негізгі пәндер, қалған уақытта қосымша сабақтарға арнайды. Мектептегі тәртіптің күштілігі соншалықты себепсіз сабақтан 12 рет қалған жағдайда бала оқудан шығарылады. Барлық емтихандар тест түрінде өтіп, 100 балдық жүйе бойынша бағаланады. Орта мектепті аяқтағаннан кейін жалғастыру еркі оқушының өзінде. Егер баланың ынтасы зор, ата-анасы мектеп ақысын төлей алатын жағдайда болса, жоғары сыныпты аяқтайды. Оқуды жалғастырмастан бұрын оқушы өзінің бағытын таңдауы керек. Қытайда салаландырылған екі бағыт бар:
• академиялық бағыт — ғылым соңынан еріп, жоғары оқу орнына түсуді мақсат тұтқандар;
• кәсіби техникалық — өнеркәсіпте қызмет ететін мамандар дайындайды. 

АҚШ: оқушы өзі қалаған пән бойынша білім алады

Картинки по запросу "american school gif""

Америка мектептерінде оқу пәндері бірнеше бағытқа жіктеледі: гуманитарлық, математика, нақты ғылымдар, тіл мен әдебиет. Әрбір пән бойынша жоғары сынып оқушылары (high school) белгілі бір мөлшерде кредит жинауы керек. Америка мектептері кредиттік жүйе бойынша жұмыс істейді. АҚШ білім жүйесі жалпыламадан гөрі, жеке жұмыс жасағанды жөн санайды. Мысалы, бақылау бағасын оқушымен жеке талқылайды. Сонымен қатар, оқушының үлгерімі жөнінде ақпарат жарты жыл сайын үйге жіберіледі. Арнайы мектеп формасы бекітілмеген. Жоғары сынып оқушылар мектепке өз көліктерімен келеді. 

Т. Есқали