Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Алтын ұя / Мектеп өмірі / Ауыл мектептері: мемлекет оқушыларды бөліп-жара ма?

Ауыл мектептері: мемлекет оқушыларды бөліп-жара ма?

Ауыл мектептері: мемлекет оқушыларды бөліп-жара ма?

Бүгінде қоғам әлеуметтік шиеленістер мен қақтығыстарға әкелетін қазақстандық қоғамның барлық салаларындағы теңсіздіктердің куәсі болып отыр. Болашақтағы теңсіздіктің негізі мектептегі білім беру жүйесімен байланысты, ол кейіннен Қазақстан азаматтарының экономикалық мүмкіндіктеріне әсер етеді.

Мектеп – тұлғаның қалыптасатын орны мен уақыты. Адамның келешек тағдыры және құндылық бағдарлары осы процестің қандай шарттарда өтіп жатқандығына тәуелді. Ақысыз орта білім және оған тең қол жеткізу Қазақстан заңдарымен кепілдендірілген. Алайда тәжірибе жүзінде бұл принцип жүзеге аспайды. Орта мектептегі саралау қаржыландыруда да, материалды-техникалық базада да, білім сапасында да бақыланады. Мұндай аса анық айырмашылық ауылдық және қалалық мектептер арасында байқалады. ҚР білім беру жүйесінің статистикасына сәйкес, 2018 жылы шамамен 3 млн. білім алушы (2,972,319 оқушы) контигенті бар 7047 мектеп болды, оның ішінде 5,348 мектеп (1,394,785) оқушы – ауылдық жерде, оның құрамындағы 2944 мектеп (204,121) – шағын мектептер.

Контингентті білім алушылары бар мектептер саны

Ауыл мектептеріндегі үлкен алшақтық пен олардың артта қалғанын растайтын 5 факт

1. Материалдық-техникалық базадағы алшақтық – көптеген ауылдық мектептер нормативті талаптарға сәйкес келмейді. Мектептегі оқу процесінің нәтижелері мен тиімділігіне әсер ететін маңызды фактор олардың материалдық-техникалық базасының деңгейі болып саналады. PISA-2012 оқушылардың жетістіктерін бағалаудың халықаралық бағдарламасының қорытынды зерттеулері оқушылардың оқу жетістіктерінің мектептердің материалдық-техникалық жабдықталуына тәуелді екендігін көрсетеді.

2016-2017 оқу жылында ауылдық мектептердің 22,5%-ы бейімделген ғимараттарда жұмыс жасады. Апатты жағдайдағы 64 мектептің 59-ы ауылдық өңірлерде орналасқан. «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің статистикасы – 2018» ұлттық жинағына сәйкес, 5293 мектепте (90%-ға жуық) спортзалдары бейімделген ғимараттарда орналасқан, ауылдық мектептердің 9%-ында кітапхана жоқ, ал 8%-ында асхана мен буфет жоқ.

2005 жылы қазақстандық мектептерді лингафондық және мультимедиялық кабинеттермен, интерактивті тақталармен жабдықтандыру басталды. Алайда 14 жыл өтсе де, олардың ауылдық мектептердегі жетіспеушілігі әлі де сезілуде. Бұл туралы Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының шағын мектептерді дамыту орталығы дайындаған есептерде айтылған. Физика саласындағы жаңа модификацияланған кабинеттер 1,102 немесе 33,7 % шағын мектептерде жоқ, химия кабинеттері –1,273(39%) мектепте, биология кабинеттері – 1,283 (39,3%) мектепте, математика кабинеттері – 958 (29,3%) мектепте және лингафондық кабинеттер – 1600 (49%) мектепте жоқ. 2016–2017 оқу жылының басында 51,5% , яғни ауылдық мектептердің жартысында пәндік кабинеттерде жаңа модификациялар болған жоқ.

2. Ауыл мектептерінде ақпараттық-коммуникациялық техгологиялардың қол жетімділігі төмен деңгейде. Қазақстанда білім беруді ақпараттандыру мен компьютерлендіруді дамыту жұмыстары жүргізілуде. Мысалы, егер 2005 жылы 1 компьютер 41 оқушыға арналған болса, 2010 жылы – 18 оқушыға, 2016 жылы –10 адамға арналған. Мемлекет білім беру жүйесін ақпараттандыру саясатын қолдайды, бірақ бұл салада әлі де күрделі мәселелер бар. Қазақстан бір компьютерге 5-6 адамнан тұратын компьютерлендірудің қолайлы әлемдік көрсеткіштеріне әлі жеткен жоқ. Сонымен қатар, Атырау, Қостанай және Қызылорда облыстарында барлық мектептер компьютерлендірілмеген. Компьютерлердің жалпы санының 35%-дан астамы ауыстыруды қажет етеді. Ауыл мектептерінің тек 42,3%-ы ғана интерактивті құрылғылармен жабдықталған. Электрондық оқыту жүйесіне тек 1075 мектеп қана енген.

3. Ауыл мектептерінде кең жолақты ғаламторға қолжетімділік жоқ. Жылдан жылға қазақстандық мектептерде ғаламторға қолжетімділікті арттыру бойынша жұмыс жүргізілуде. 2015 жылы мектептердің жалпы санының 27,44%-ы 4-тен 10 Мбит/с-қа дейінгі жылдамдықтағы ғаламторға қол жеткізді. Алайда жекелеген аймақтар арасында айтарлықтай алшақтық сақталуда: Алматы мектептерінде 100% қолжетімді, ал Ақтөбе және Қостанай облыстарында бұл көрсеткіш тиісінше 10,66%-ды және 13,83 %-ды құрайды. Автордың 2018 жылдың мамыр-тамыз айларында жүргізген әлеуметтік зерттеу нәтижелері бойынша, ғаламторға, әсіресе, жылдамдығы 10 Мбит/с-тан асатын кеңжолақты байланыс мәселесі ең өзекті болды. Біз зерттеген шағын мектептердің бірде-біреуі ғаламторға 3 Мбит/с-тан жоғары жылдамдықпен қол жеткізе алмаған, нақты жылдамдығы 1,5-нан 2,9 Мбит/с-қа дейін. Бұл жылдамдық,мысалы, «Күнделік» электронды журналын сақтауға, «BilimLand» электронды платформасын пайдалануға мүмкіндік бермейді. Сауалнамаға қатысқан мұғалімдердің 95%-ы ғаламтордың жылдамдығына қанағаттанбайтындықтарын және оған қолжетімділіктің өте төмен екенін айтты. Олардың пікірінше, кең жолақты ғаламторға қолжетімділіктің жоқтығы көптеген оқу-ұйымдастырушылық және әдістемелік сипаттағы мәселелерді тудырады.

4. Ауыл мектептерінде педагогикалық құрамның сапалық сипаттамасы, салыстырмалы түрде, төмен. Мұғалімдердің сапалық құрамына жасалған талдау жоғары білімі бар қалалық (92,5%) және ауыл мұғалімдерінің (89,3%) арасындағы айырмашылықты көрсетеді. Мұғалімдердің көпшілігі ауылдық мектептерде жұмыс жасайтындығына қарамастан, жоғары санатты (16,5 %) ауыл мұғалімдерінің үлесі қалалық мектептермен (30,6 %) салыстырғанда екі есе аз. Жоғары санатты оқытушылар құрамының төмен пайызы Батыс Қазақстан (14,3%), Қызылорда (14%) және Ақмола (15,8%) облыстарында байқалады. Жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз етудің едәуір жоғары деңгейі Алматы (35%), Астана (33,7%) және Павлодар облыстарында (31,7%) байқалады.

5. Ауыл мектептеріндегі оқушылардың үлгерімі қалалық мектептермен салыстырғанда төменірек. Халықаралық және республикалық деңгейлердегі рейтинг нәтижелері бұл тезисті дәлелдейді. Сонымен, «PISA-2015» оқушылардың жетістіктерін бағалаудың халықаралық бағдарламасының нәтижелері бойынша, ауылдық және қалалық мектеп оқуышылары мынадай нәтиже көрсетті. (төмендегі суретті қараңыз)

Білім беру ұйымдарының аймақтық мәртебесі бойынша «PISA-2015» нәтижелері

Деректер қалалық және ауылдық білім беру ұйымдарындағы оқушылардың нәтижелеріндегі айтарлықтай айырмашылықты көрсетеді. «PISA-2015»-тегі нәтижелер айырмашылығы – 19 ұпай, бұл ауылдық мектеп оқушыларының қалалық құрдастарынан жарты жылдан астам уақытқа қалып бара жатқандығын көрсететін білім беру ұйымы орналасқан аймаққа байланысты. Қала-ауыл тұрғысынан мектеп оқушыларның оқу жетістіктерінің нәтижелеріндегі айырмашылық, ең алдымен, шағын мектептердің көпшілігі ауылдық жерлерде шоғырланғандығымен байланысты. Республикалық дәрежелік өлшеулер ұқсас жағдайды көрсетеді. Оқушылардың оқу жетістіктерін сырттай бағалау нәтижелері бойынша(ОЖСБ) ауылдық мектеп оқушылары қалалықтардан орта есеппен 7,08 ұпайға қалып отыр. Егер екі-үш жылдағы дерктерді салыстыратын болсақ, онда олар ауылдық және қалалық мектеп оқушылары арасындағы алшақтықтың өскенін көрсетеді.

Қала-ауыл тұрғысындағы 9-сынып оқушыларының ОЖСБ-дағы орташа ұпайы

ОЖСБ-дағы орташа ұпайдың 6,18-ке өскенде, қала мен ауыл оқушыларының 2016 жылы 5,3, 2017 жылы 7 ұпайға дейін өскен білім сапасындағы айырмашылығы бақыланады. Ұлттық бірыңғай тестілеу ауылдық және қалалық мектептердегі оқушылардың жетістіктеріндегі айтарлықтай айырмашылықты көрсетеді.

ҰБТ-2018 нәтижелері бойынша, түлектерді жинаған ұпайларына сәйкес жіктеу

Диаграммада 2018 жылы ауыл түлектерінің 78%-ы және қалалық мектептер түлектерінің 68%-ы 100-ден төмен ұпай жинағаны көрсетілген. 100 ұпайдан жоғары жинаған қала және ауыл түлектерінің арасындағы айырмашылық та дәл осындай 10 % – 32 % және 22 %.

Мемлекет ауылдық және қалалық мектептер арасындағы алшақтықты азайту үшін не істеп жатыр?

Ауылдық және қалалық мектептер арасындағы айырмашылықты оқу процесінің барлық негізгі сипаттамалары бойынша байқауға болады. Мемлекет Білім және ғылым министрлігімен және басқа органдармен бұл алшақтықты азайту үшін белгілі бір шараларды қолдануда. 2017 жылы болашағы бар ауылдық елдімекендерді сапалы ғаламтормен қамтамасыз етуге бағытталған «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы әзірленді. 2020 жылға қарай шамамен 1,2 мың ауылды, ал 2025 жылға қарай 4 мыңнан астам ауылды кең жолақты ғаламтормен қамтамасыз ету жоспарлануда. 2019 жылдан бастап Дүниежүзілік банк пен ҚР Білім және ғылым министрлігінің бірлескен жобасы – «Орта білімді модернизациялау» жүзеге асырылады. Аталмыш жоба республиканың барлық ауылдық мектептерін ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен (5,4 мың ауылдық мектеп) жабдықтауы керек. «Ауыл – ел бесігі» салааралық жобасы анағұрлым түбегейлі өзгерістерге бағытталған. Осы жоба аясында 6,6 мың ауылдық елдімекен қысқарып, 1,5 мың ауылға дейін ұлғайтылады деп жоспарлануда. Сол арқылы келешегі жоқ шағын жинақталған мектептер мәселесі шешілетін болады. Дегенмен, бұл халықтың әлеуметтік бейім топтарының үлкен елдімекендерде шоғырлануына қызмет етуі мүмкін.

Ауыл мектептеріндегі білім беру сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар:

1. Мемлекеттік бағдарламаларды синхрондау. «Орта білім беруді модернизациялау» жобасы аясында 2020 жылға қарай ауыл мектептерінің 100%-ы интерактивті жабдықтармен қамтамасыз етілуі керек, ал ауыл мектептерінде, соның ішінде шағын мектептерде мұғалімдер үшін арнайы курстар өткізілетін болады. Алайда, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының аясында осы уақытқа дейін ауылдық мектептердің тек 50%-ы ғана кең жолақты ғаламторға ие болады деп жоспарлануда. Ғаламторға кең жолақты қосылыссыз бұл жабдық пайдасыз болады.

2. Ауыл мектептерін жалпы ғаламторландыру. Жылдамдығы жоғары ғаламторды жүргізу қымбат тұрады, бірақ оны қосудың бірнеше нұсқалары бар (талшықты-оптикалық және телефонды желілер, wi-fi-байланыс, ұялы ғаламтор, шекаралас аудандарда ресейлік провайдерлердің көмегімен ғаламтор қосылымы, т.б.). Кең жолақты ғаламтордың болуы қазіргі заманғы ауыл мектебінің ғана емес, сонымен қатар, ауыл тұрғындарының көптеген мәселелерін шешеді. Мұғалімдердің біліктілігін арттыру мәселелері негізгі өз қызметінен алшақ кетпей-ақ шешілуі мүмкін. Ауыл тұрғындары электронды қызметтердің барлық түрлерін ала алады, ғаламтор желісінің болуы ауылдағы кәсіпті жүргізуді айтарлықтай жеңілдетеді.

3. «Ауыл – ел бесігі» жобасына сәйкес ауылдық елді мекендерді оңтайландыру бойынша пилоттық жоба. Алдымен пилоттық режимде ауылдық елді мекендерді оңтайландыру маңызды. Пилоттық ауылдарда келген тұрғындарды баспанамен және жұмыспен қамтамасыз ету үшін барлық инфрақұрылымдарды құру, процестерді қалыпқа келтіру, сондай-ақ негізгі әлеуметтік мәселелерді шешу қажет.

Авторы: Жасұлан Нұрбаев
Дереккөз: ekonomist.kz

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Massaget
Фото: ekonomist.kz
Қосылған күні: 16 қараша, 11:41

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.