Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Алтын ұя / Мектеп өмірі / Кез келген адамға үлгі болар 5 бала

Кез келген адамға үлгі болар 5 бала

Кез келген адамға үлгі болар 5 бала

Кейде маңызды нәрсеге уақыт таппай, берген уәдемізді орындамай және "барлығын дүйсенбіден бастаймын" деп сылтау іздейтініміз бар. Бұл мақалада айтылған балалар үшін мүмкін емес нәрсе жоқ. Сондай-ақ, олар үшін физикалық және қаржылық мүмкіндіктер маңызды рөл атқармайды.

Чжоу анасына берген уәдесін орындады

Бір күні Чжоу анасынан керемет үлкен Юйшань тауы туралы әңгіме естиді. Сол кезде бала бірден сол тауға анасымен бірге шығуды армандайды. Бірақ анасы жақында аяғына ота жасатқандықтан келіспейді, алайда кейін бірге шығатынын айтады. Бір жыл бұрын Чжоу 4-ке толғанда оның анасы қайтыс болады. Бірақ бала өз уәдесін ұмытпайды. Ол әкесіне былай дейді: "Анам аспанда, ал Юйшань тауы өте биік. Егер оның шыңына шықсам, мүмкін, анама жақындай түсемін."

Баласының бұл сөздерін естіген әкесі оған арманын орындауға көмектеседі. Таудың басына шығу кезінде Чжоу тау ауруымен қиналады, бірақ сонда да өз жолын тоқтатпайды.

2019 жылдың 19 тамызында Чжоу шыңға (теңіз деңгейінен 3952 м) шығып, анасының суретін алып, былай дейді: "Анашым, мен саған аспанға келдім". Әкесі ұлымен мақтанады және оларды бақылап жүрген оқырмандарына алғыс айтады.

Джордан мүгедектік өмірін мүмкіндіктерге толтырады

Джордан Ривз сол қолының бір бөлігінсіз өмірге келеді. Бірақ ол өзіне және қоршаған ортаға мүгедектік өмір ерекше мүмкіндіктерге толы екенін дәлелдеп келеді.

Ол 13 жасынан бастап өзін және басқа да балаларды қаһарманға айналдыратын протездер ойлап табады. Мысалы, оның біреуі жылтырға боялған жалғыз мүйіздің мүйізіне ұқсаса, ал басқасы қажетті заттарды алуға көмектесетін теңіз қарақшысының ілмегін еске түсіреді. Біреулерге бұл протездер ақымақтық секілді көрінуі мүмкін, бірақ ол балалар мен олардың ата-анасына дене ерекшелігінен алаңдауға көмектеседі.

Леонардо 9 жасында мектеп ашты

Леонардо Никанор Кинтерос Аргентинада Лас-Пьедратас қаласындағы кедей ауданда өскен. Бұл жақта жергілікті балалар білім алу үшін ақылы көлікпен келесі ауданға бару керек. Көптеген отбасыда мұндай мүмкіндік жоқ. Сондықтан Леонардо оларға көмектескісі келеді.

9 жасында Леонардо әжесінен арманының орындалуына көмектесуін сұрайды: ол кедейлерге мектеп ашқысы келеді. Олар үйдің артындағы аулаға түрлі заттардан сынып жасайды. Мысалы, парталар мен орындықтарды жәшіктерден құрайды.

Баланың ісі көршілерге шабыт беріп, олар мектепке кітаптар, оқулықтар, қағаздар және т.б заттар әкеле бастайды. 4 жыл өткен соң Леонардо мектепті тіркейді. Оның арқасында шамамен 36 бала білім алып шығады.

Броди 5 жасында зілтемір көтереді

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Jes Bowen (@jb_figure)15 Ноя 2018 в 12:21 PST

Сіз жаттығу залына барасыз ба? Ал 5 жасар Броди Боуэн анасымен бірге ауыр атлетикамен айналысып, зілтемір көтереді.

Бродидің анасы бодибилдингпен шұғылданады. Ол қызды болғанда оны үнемі өзімен бірге жаттығу залына алып жүреді. Солай қызының спортқа қызығушылығы оянады.

Қазір Броди бірде-бір жаттығуды қалдырмайды. Әрине, анасы оған өте ауыр көтеруге рұқсат бермейді және әр жаттығуын мұқият қадағалайды. Бірақ сонда да Бродидің жетістіктері күннен күнге өсуде. Ол 5 жасында 7 кг салмақтағы зілтемірді көтереді. Ал оның шыныққан бұлшықеттеріне кез келген адам қызыға қарайды.

Анасы мен қызының суреттері инстаграмды жаулап алды, қазір Боуэн отбасысының өмірін 234 мың оқырман қызыға бақылайды.

Ратмир ауруын жеңіп, чемпион атанды

Ратмир Жангурбаев 2,5 жасқа толғанда дәрігерлер оған лейкоз диагнозын қойған. Баланың ағзасындағы рак жасушалары 95% болған. Ратмирдің емі 9 айға созылады. Ол ракты жеңіп шықты. Бірақ дәрігерлер баладан С гепатитін анықтайды. Онымен күресуге тағы бір жыл кетеді.

Ратмир ауруханадан үйге келгенде дәрігерлер оған үйде отыруды ұсынады. Тіпті, мектепке де әзір бармауын сұрайды. Бірақ бала бұл ұсыныстармен келіспей, мектепке барып, джиу-джитсумен айналысады. Ратмирдің спортқа икемі жақсы болып, жүлделі орындар ала бастайды. Бала алғашқы медалін онкологиялық бөлімге апарып береді.

2019 жылы Ратмир Жангурбаев джиу-джитсу бойынша әлем чемпионы атанып, ешқашан үміт үзбей, әрдайым күресу керегін дәлелдеді. Ратмир жайлы толығырақ "Батырлар арамызда" арнайы жобасынан оқи аласыздар.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Фото: prosports.kz
Қосылған күні: 09 қыркүйек, 17:26

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.