Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Алтын ұя / Мектеп өмірі / "Сабаққа барғым келмейді"

"Сабаққа барғым келмейді"

Күздің алғашқы күндері. Бұл ата-ана үшін әдеттегі жағдай болғанымен, оқушы үшін бұл даталар «каникулдың соңғы сағаттары» деп қабылданады. Ойын баласын «Болды, жат, таңертең тұра алмайсың» деп күштеп ұйықтата алмайсыз.

Не істеу керек?

«Сабақта әбден қиналатын боласың, ағзаңды соған дайында» деп жеткілікті түсіндіріңіз. Көз алдына ситуацияны суреттеңіз. Ойыншық, гаджет, көше ойындарымен емес, өзіңізбен ғана тіл табыстыруға тырысыңыз. Гаджет, ойыншық оның миын одан сайын «оята» беретін болады, ал көше ойындары ұйқы гормонын тежейді. Одан да жатар алдында кітап оқып немесе бірге ертегі құрастырыңыз.

«Оқушы мен мұғалім» ойынын ойнау

Жұмсақ ойыншықтар мен баланы қатар отырғызып, тақта жасап дәстүрлі сабақ өту ˗ психологияны «шаршату». «Мектепте есіңе түсетін болады», «Ала жаздай ойнап, бәрін ұмытып қалыпсың» деп сөге көрмеңіз.

Не істеу керек?

Барлық жерді қызықты ойынға айналдырып көріңіз. Дүкенге барар жолға дейінгі ағаштарды санап, жаңылтпаш жаттап, жұмбақ жасырып, логикалық есептер шешіп, баланы қызықтыруға болады. Зейінді арттыру үшін «Жоғалған зат» ойынын ұсынамыз. Ойында үстелдің үстіне бірнеше зат қойылады. Бала оларға мұқият қарап алған соң, теріс қарап тұрады. Үстелден бір зат алып тасталынады. Оқушы қай заттың жоғалып кеткенін табу керек. Заттардың санын ақырындап өсіруге болады. Сайттан мына сілтемеге өтіп, ойын түрлерін қарасаңыз болады.

Оқу құралдарын бірге таңдау

Жаңа оқу жылына құралдарын сайлап, сөмкесін арқалап кететін оқушы (әсіресе, төменгі сынып) заттарын сыныптастарының дәптерлерімен салыстырғысы келеді. Өзіне ең әдемі, өз «темаларына» сай суреттері бар дәптер сатып алуды ойлайды. Ал ата-ананың ойы – көтерме бағамен бір-ақ көтеріп алып кету. Екі пікірдің тоғыспауы осы жерден басталады.

Не істеу керек?

Барлығы емес, тек 1-2 ғана дәптерін өзіне таңдатып, қалғанын қарапайым етіп алыңыз. Пенал, сөмке, түрлі түсті қағаз, бейнелеу дәптері сынды дүниелерді де өзіне таңдатыңыз. Бұл оның сәл де болса сабаққа деген қызығушылығын танытады. «Егер осы дәптердің ішін 5-ке толтырсаң, бұл дәптер одан әдемі бола түсетін болады» деп те айтып қойыңыз.

Жазбен қоштасып, күзді қарсы алу

Кей бала оқу жылын күзбен байланыстырып, бұл маусымды ұнатпауы да мүмкін. Сіз жұмысқа асыққанда, ол ұйқысынан тұрғысы келмей, сабаққа барғысы келмейтінін, әлі де қыдырып демалғысы келетінін айтуы да ғажап емес.

Не істеу керек?

Демалыс кезінде түскен жеке, отбасылық суреттерді бөлмесіне балаңызбен бірге іліңіз, жай ғана іліп емес, «Бұл 2019 жылдың жаз маусымындағы _____-ның (балаңыздың есімі) керемет шағы, осы кездегі бар энергиясын енді күзде сабаққа арнайды, солай ма, балам?» деп кері байланыс орнатыңыз. Әдемі естеліктерді еске алып,  соңғы рет «жазғы» көкке шығыңыздар. Сарғыш тартқан жапырақтар мен бүршіктерді жинап, үйді «күзге» дайындаңыздар, Абайдың «Сұр бұлт, түсі суық қаптайды аспан» өлеңін есіне түсіріп қойыңыз. Осылайша сіз оны психологиялық тұрғыда бұл маусымға дайындайсыз.

Үйірмелер таңдау

Егер балаңызға әлі үйіомелер таңдалмаған болса, әзірден кірісіңіз. Тіпті жаз ортасынан бастап іздесеңіз де болатын еді. «Сабақ әбден басталған соң, көреміз» деу – бекер.

Не істеу керек?

Баламен ақылдасып, қызығушылығын саралап, өзі қалаған секция, үйірмелерге апарып көріңіз. Ұнаса, біртіндеп, таңдап, күнделікті режимін құрастырыңыз.

7.00 – Таңғы ас

8.00 – Мектепке барады

13.00 – Мектептен шығады

14.30 – Ағылшын

15.40 – Жүзу

Бұл жай ғана мысал, сіз бұны қазірден дайындап қойыңыз.

Бөлмесін «сабаққа» дайындау

Жаз бойы беті ашылмаған кітаптарды сөреге жинап, керек емес қағаздарды тастап, ойыншықтарды бір бұрышқа жинап, жаңа оқу құралдарын тізіп, кітаптарын қаптап, күнделігін толтыру – біраз жұмыс. Бірақ мұның бәрін өзіңіз ғана жасаушы болмаңыз. Баланың қызығушылығын оятатындай етіп диалог құрыңыз. «Сен сабаққа кеткенде, мына «Трансформер» қайда тұратын болады?» деген сияқты «бала қиялымен» сөйлесіңіз.

Түсінгеніңіздей, баланы мектепке дайындау деген тек оқу құралдарын алып берумен шектелмейді. Алдын ала сіз де психологиялық тұрғыда дайын болуыңыз керек. Қызықты диалог, ерекше қарым-қатынас және махаббат. Осы үш бірлікті ұмытпаңыз!

0
Рейтинг: +1

Фото: massaget.kz
Қосылған күні: 02 қыркүйек, 09:25

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.