XXI ғасырдағы қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол

XXI ғасырдағы қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол
Фото: Автордан

Қыркүйек айында Қазақстанның отбасы күніне арналған «XXI ғасырдағы қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол» тақырыбында республикалық ата-аналар конференциясы өтті.

Аталған шараға О.Жандосов атындағы орта мектеп-интернат КММ өз үлесін қосты. Конференцияға «Нұр Отан» партиясы өкілі: Карбозова Ғалия, Сөгеті ауылдық округінің әкімі Дауытқұлов Еркін Аянбекұлы, 1,5,6,7,10,11-сынып оқушыларының ата-аналары, мектеп директоры Ысқақ Түзелбайұлы Салманов, мектеп психологы Бақытгүл Орынбекқызы Қалиаждарова қатысты. Мектеп директоры сөз кезегінде Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Оршыбеков Нұрбек Әбубекұлының ата-аналарға үндеу жолдады.

Конференция барысында 1-сынып оқушыларының ата-аналарына балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету: балаларды интернет арқылы түсетін жағымсыз ақпараттан қалай қорғау қажет екендігін, балаларда интернет-тәуелділік қалыптасуының алдын алу, мектеп ортасына деструктивті діни ағымдар енгізудің алдын алу, мектепке діни атрибутика киюге тыйым салу, алдын алу, баланы бірыңғай үлгідегі мектеп формасымен қамтамасыз ету – әрбір ата-ананың әлеуметтік маңызды міндеті екенін түсіндірілді, отбасылық құндылықтарды ілгерілету және нығайту: бала тәрбиесі үшін отбасы берекесінің маңыздылығы атап өтілді.

5,6,7-сынып оқушыларының ата-аналарына жасөспірімдік жастың психо-физиологиялық ерекшеліктері және бала мінез-құлқындағы олардың көріністері туралы, жасөспіріммен қалай жақсы байланыс орнатуға болатыны жөнінде (сауатты тәрбиенің 12 ережесі), жасөспірімнің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, интернет-тәуелділік қалыптасуының алдын алу жайында, кәмелетке толмағандардың суицидтік (ауто-деструктивті) мінез-құлқының алдын алу, отбасылық құндылықтарды ілгерілету және нығайту (бала тәрбиесі үшін отбасы берекесінің маңыздылығы) туралы түсінік жұмыстары жүргізілді.

Ал, 10,11-сынып оқушыларының ата-аналарына ҰБТ-ға дайындық және оны тапсыру барысында жасөспірімге қалай психологиялық көмек беруге болатыны туралы және жоғарыда аталған мәселелер талқыланды.

Ата-аналарға сауалнама жүргізіліп, ол бойынша түсінік жұмысы жүргізілді. Оған қоса ата-аналарға көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алып, айтылған түсінік жұмыстарына өз пікірлерін айтты.

О.Жандосов атындағы орта
мектеп-интернат КММ-ның психологы
Бақытгүл Орынбекқызы Қалиаждарова

 Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек аймағы,
Сөгеті  ауылдық округі

Г. Берік