"XXI ғасырдағы қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол" конференциясы мәресіне жетті

"XXI ғасырдағы қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол" конференциясы мәресіне жетті
Фото: Автордан

Қазақстанның отбасы күніне арналған «XXI ғасырдағы қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол» тақырыбында республикалық ата-аналар конференциясы тәмамдалды.

Аталған шараға О.Жандосов атындағы орта мектеп-интернат КММ өз үлесін қосты. Мектеп директоры сөз кезегінде Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Оршыбеков Нұрбек Әбубекұлының ата-аналарға үндеу жолдады.

Мектеп психологы Бақытгүл Орынбекқызы ата-аналарға балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету: балаларды интернет арқылы түсетін жағымсыз ақпараттан қалай қорғау қажет, балаларда интернет-тәуелділік қалыптасуының алдын алу, отбасылық құндылықтарды ілгерілету және нығайту: бала тәрбиесі үшін отбасы берекесінің маңыздылығы, кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу: қауіпсіздік ережелері немесе "төрт болмайды" ережесі туралы, кәмелетке толмағандар ортасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, мектеп ортасына деструктивті діни ағымдар енгізудің алдын алу, мектепте діни атрибутика киюге тыйым салу, әрбір мектеп оқушысын бірыңғай үлгідегі мектеп формасымен қамтамасыз ету – ата-ананың әлеуметтік маңызды міндеті екенін, отбасылық тәрбиедегі 10 берекесіз жағдай жайында, балалардың бастауыш мектептегі жиі кездесетін проблемалары; тәрбие процесіндегі ата-ананың міндеті туралы, жасөспірімдік жастың психо-физиологиялық ерекшеліктері және бала мінез-құлқындағы олардың көріністері туралы, жасөспіріммен қалай жақсы байланыс орнатуға болады: сауатты тәрбиенің 12 ережесі, кәмелетке толмағандардың суицидтік (ауто-деструктивті) мінез-құлқының алдын алу жайында түсінік жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар, жағымды мотивация жасаудың тәсілі ретінде ойын ұйымдастырып, ата-аналардан сауалнама алды. 

4 «Ә» сынып оқушысы Күнболат Айсұлтанның анасы Сыдықбекова Ләззат "Конференцияны ұйымдастырушы МДТІЖО Алтын апайға, мектеп психологы Бақытгүл апайымызға рахмет, үнемі мектепте ұйымдастырылған іс-шаралар барысында өзекті мәселелер жайлы тың ақпараттар беріп отырады. Бүгінгі қозғалған мәселелердің әрқайсысы маңызды. Баламызға көңіл бөлеміз, үлгі боламыз, мектеппен тығыз байланыс орнатамыз деп өз атымнан уәде беремін" деп пікір білдірді. 

Көп дерек пен кеңеске қаныққан ата-аналар да өз кезектерінде ойларын білдірді. Жиын соңында олар ойға түйгендерін постер арқылы көрсетіп жатты. 

О.Жандосов атындағы орта 
мектеп-интернат КММ-ның психологы
Бақытгүл Орынбекқызы Қалиаждарова

Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек аймағы,
Сөгеті  ауылдық округі

Г. Берік