"Ғасыр оқу" ұғымын жастар қалай түсінеді?

"Ғасыр оқу" ұғымын жастар қалай түсінеді?
Фото: learnmore.economist.com

"Ғасыр оқу" ұғымы біздің күнделікті өміріміздің әр сәтінде жаңа білім көзіне ие болатынымызбен түсіндіріледі. Миымыз толық 100% қызмет етпейтінін жақсы білеміз. Дегенмен ол біздің миымыздың қабылдау мүмкіндігін азайтпайды, керісінше, бәрі біздің қолымызда екенін дәлелдейді.

"Ғасыр оқу" әдісі танымал болғалы бері, техникалық алға жылжу деңгейі артты. Жастардың бірқатары әлемді жақсы жағына қарай өзгертуге мүмкіндіктің барына сенді. Білімді адамдардың қатары артып, жастар арасында озық ойлау, жаңа, тың нәрселермен басып озу үшін бәсекеге қабілеттілік қасиеті дамып келеді.

Қытай Халық Республикасында білім алып жатқан қазақ қызы Айгерім Даусова "ғасыр оқу" ұғымын былайша түсіндіреді:

«Life-long education түсінігінің мен үшін ауқымы зор. Мектеп қабырғасы ең жоғары оқу орнында қалыптастырған дағдылар армандарымызды шыңдыққа айналдыруға кейде жеткіліксіз. Өмірімізде орын алған кез келген жағдай – таным-біліміміздің арттыруға берілген жаңа мүмкіндік. Диплом, қоғам немесе жоғары жалақы сенің қаншалықты кемел адам екенінді білдірмейді. Өмір сүре жүріп үйренесің. Меніңше, "ғасыр оқу" ұғымы осы оймен тікелей байланысты.

Одан бөлек, Нұрбол есімді азамат өз пікірін былайша білдірді:

«Өмір қателіктер мен бұрыс шешімдерден сабақ алудан тұрады. Өмірде білім алудың екі түрі бар: бірі мектеп, университет берген білім болса, екіншісі – ұзаққа созылатын өмір мектебі. Life-long education адамзатқа өмір кемесі арқылы еркін саяхаттап, барлық қиындықта төтеп беруге үйретеді».

Бүгінде жастардың арасында өзін-өзі дамыту көрсеткіші жоғары. Оны тренингтердің, оқыту курстарының көбеюімен түсіндіруге болады.  Білім мен жаңғыруды қалай байланыстыра аламыз? Бұл сұраққа оқырмандар былайша жауап берді:

1. Қытайда білім алып жатқан екі жыл ішінде, жаңғыру деңгейі Қазақстаннан әлдеқайда артық екенін байқадым. Бұл жерде жоғары, сапалы технологиялардың, көлік индустриясының ғасыры жүріп жатыр. Білім алу – жаңғыру. Екеуі бір ұғым. Өйткені санамызға жаңа нәрсе сіңген бойда адамның ойлау жүйесі де, танымы да өзгере бастайды.

2. Қазақстандағы жастарды екіге бөлемін: бірінің бағыты – мақсат, ал екіншісі нәтижеге жұмыс ісейтіндер. Жаңғыру – өзін-өзі дамыту саласымен тығыз байланысты. Егер қазір өзіңді дамытпасаң, ертеңгі күнің қараңғы болады.

Бұл сұрақтарға жауап бергендердің бәрі – жалындап тұрған жастар. Бірі шетелде білім алып, елге келіп қызмет етемін дейді. Енді бірі мемлекет ұсынған бар мүмкіндікті тиімді пайдалануды көздеп отыр. Олар үшін білімнің маңызы зор. Олар өмірдің өзін білім көзі ретінде қабылдаған. "Ғасыр оқу" – философия. Ал философияда нақты жауап табу қашанда қиын.

Т. Есқали