Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Алтын ұя / Мектеп өмірі / Жақсы үйретуші (репетитор) қандай болу керек?

Жақсы үйретуші (репетитор) қандай болу керек?

Жақсы үйретуші (репетитор) қандай болу керек?

Жақсы репетитордың ең алдымен тәжірибесі, кәсіби білімі және дипломының бар екенін біліп алу керек деп ойлайсыз ба? Онда қатты қателесесіз. Бұл мәселенің ешқандай мәні жоқ. Нағыз ұстаздың ішінде көмектесуге және үйретуге деген зор ынта-ықыласы болу керек.

Егер репетиторда ондай сезім болмаса, оны ол ешқандай университетте де оқып, үйрене алмайды.

Әуелі: «Сабақ қалай жүреді?» деп сұрауыңыз керек.

Егер ағылшын тілінен үйретушіңіз сізге қандай да бір оқулықты ұсынып, осы кітап жақсы, сенің деңгейіңе сәйкес келеді, онда мәтіндер, жаттығулар, тыңдалымдар бар, осы кітаптан оқығаның дұрыс деп айта бастаса, демек сіз ағылшын тілін оқудың орнына сол оқулықты үтір-нүктесіне дейін жаттап шығасыз. Ал бұл мүлдем басқа нәрсе.

Сіз жүз оқулықты оқып тастауыңыз мүмкін, бірақ ешқашан ағылшынша сөйлей алмайсыз! Оның үстіне, мұндай бір сарынды ағылшын тілі сабағы уақыт өте келе сізді жалықтырып жіберуі мүмкін.

Ағылшын тілін нағыз үйретушінің сабағы құрастырмақ сияқты болады. Құрастырмақтың әр бөлшегі сіз нені қалайсыз және ағылшын тілі не үшін қажет деген мақсатыңызға, қажеттілігіңізге және қызығушылығыңыза сәйкес жиналады. Сіздің арманыңыздағы үйретуші өзіңізді қызықтыратын сұрақтар мен толғандыратын тақырыптар туындаған кезде ағылшын тілі сабағын күтпеген жерден жүргізе беретіндей алғыр болуы керек.

Әрине, бірнеше оқуылықты алып, сонымен оқыту – өте жеңіл жұмыс. Білім беру жұмыстарының бәрін оқулық жүргізеді, ал үйретуші жаныңызда отырып, қателескен жеріңізді түзетіп отырады. Өкінішке орай, бұл жұмыс емес, нағыз көзалдаушылық. Ал мұндай ұстаз – нағыз көзалдаушы. Оқушы болса сабақтың бұлай жүрмеу керек екенін білместен, осы қалыпта үйренуін жалғастыра береді.

Сонымен, жақсы тәлімгердің түйіндемесі:

1) Ағылшын тілінің үйретушісі әр сабаққа жақсы дайындықпен келуі керек.

2) Ағылшын тілінің үйретушісі оқушының өтінішіне, оқу үрдісінің өзгеру мәселесіне мұқият болуы керек. 

3) Үйретуші оқушының кез-келген сұрағына өзі жауап беруі керек (сізге оқулықты ашып, кестені көрсетіп түсіндірмеуі керек).

4) Ағылшын тілін үйретуші бәрін қарапайым тілмен, өзі түсінгендей түсіндіріп беруі қажет. Егер ол оқулықтағы ережені өз сөзімен қайталап берсе – онда ол сіздің үйретушіңіз емес!

P. S. Айтпақшы, ағылшын тілін үйретушімен бірге оқудағы тағы бір маңызды нәрсе жайлы айта кетейік. Ең бастысы, таңдаған ұстазыңыз сізді адам ретінде тартып, сенім тудыратындай болу керек. Сіз оған толықтай сенім артып, ағылшын тілін рахаттанып үйренуіңіз қажет.

Дереккөз: bilim-all.kz

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Фото: bilim-all.kz
Қосылған күні: 15 сәуір, 11:25
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.