Өзін-өзі тану пәнімен интеграцияланған биология сабағының жоспары

Өзін-өзі тану пәнімен интеграцияланған биология сабағының жоспары
Фото: pixabay.com

Өзін-өзі тану пәнімен интеграцияланған биология сабағының жоспары

Мектеп: О. Жандосов атындағы орта мектеп
Мұғалімдері: Б.Р. Садабаева, О.Б. Қалиаждарова
Сынып: 8 «ә»
Оқушы саны: 18
Тақырыбы: Ми бөлімдері. Мишық
Құндылық: Ақиқат
Қасиеттер: өз бойынан ақиқат іздеу, ойдың, сөздің және істің бірлігі, барлығынан жақсылықты көру.

Сабақтың мақсаты:

Ми діңінің құрылысы,атқаратын қызметі және олардың ерекшелігі туралы білімді қалыптастыру; атқаратын қызметтерінің жүйке жасушаларының ерекшеліктеріне байланысты екендігін ұғындыра отырып, оқулықпен жұмыс істеуге дағдыландыру.

Сабақтың міндеттері:

1. Оқушыларға ми діңінің құрылысы мен атқаратын қызметі, маңызын түсіндіру;
2. Ми діңінің құрылысы жайлы білімді меңгерте отырып, дұрыс бағалауға және өздігінен тұжырымдай білуге, талдауға ой ұшқырлығын дамыту;
3. Оқушыларды өз бойынан ақиқат таба білуге, ойдың, сөздің істің бір болуына, өзін тани білуге тәрбиелеу.

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Алдымен көзбен көреміз.
Оны мида сақтаймыз
Мидан жұлын қабылдап,
Кетеді дене қимылдап.

Тыныштық сәті: «Нұрға бөлену»

Үй тапсырмасын тексеру.

«Менен сұрақ,сізден жылдам жауап»

1. Орталық жүйке жүйесін не құрайды? а) ми мен жұлын; ә) жұлын және жұлын жүйкелері; б) ми және бас сүйек-ми жүйкелері.

2) Шеткі жүйке жүйесін не құрайды? а) бас сүйек-ми жүйкелері; ә) жұлын мен ми; б) жүйкелер, жүйке түйіндері, жүйке ұштары.

3) Жүйке түйіндері неден түзілген? а) аксондардан; ә) нейрон денелерінен; б) жүйкелерден.

4) Жұлынның салмағы қанша грамм? а) 42-45г; ә) 35-39г; б) 31-32г.

5) Жұлынның ұзындығы қанша см? а) 35-39см; ә) 42-45см; б) 43-44см.

6) Жұлын қанша сигменттен тұрады? а) 32; ә) 33; б) 31.

7) Жұлынның атқаратын негізгі қызметі; а) қозғыштық және өткізгіштік; ә) рефлекстік және өткізгіштік; б) қозғыштық ж/е жиырылғыштық.

8) Қандай рефлекс доғасы жұлын арқылы өтеді? а) жүйке импульстері; ә) жүйке орталығы; б) жүйке түйіндері.

9) Егер адам аяғының табанында сал ауруының белгісі байқалса, жұлынның қай бөлігі зақымданған болады? а) кеуде бөлігі; ә) сегізкөз бөлігі; б) бел бөлігі.

Дұрыс жауабы;

1. Ми мен жұлын
2. Жүйкелер, жүйке түйіндері, жүйке ұштары
3. Нейрон денелерінен
4. 32-35г
5. 42-45см
6. 31
7. Рефлекстік және өткізгіштік
8. Жүйке орталығы
9. Сегізкөз бөлігі

Бағалау

Ой қозғау. Жұмбақ

Қиын, қиын қиялар,
Қияға жұмыртқа ұялар.

- Балалар, қалай ойлайсыңдар, жануарлар мен адамның ең басты айырмашылығы неде?

- Сана сезімінде

- Дұрыс айтасыңдар, ендеше, бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбымыз §14 Ми діңінің құрылысы. Мишық (мақсаты мен міндетімен таныстырып кету) 

Құндылық: Ақиқат

Қасиеттері: өз бойынан ақиқат іздеу; ойдың, сөздің және істің бірлігі, барлығынан жақсылықты көру

Тапсырма: Постермен жұмыс

I-топ. Сілтеме табушылар: Мидың құрылысын талдап, сипаттама беріңдер.

II-топ. Баяндамашы: Ми бөлімдерін атап, орналасу ретін көрсетіңдер.

III-топ. Ізденуші: Ми бөлімдерінің атқаратын қызметіне талдау жасаңдар.

Бағалау

"Түртіп алу" әдісі. Дәптермен жұмыс, жаңа сөздерді, терминдерді жазып алу.

Биологиялық диктант 
1. Ақпаратты қабылдап,өңдеуге қабілетті күрделі мүше........... ............................. 
2. Ересек адам миының орташа салмағы........................... гр.
3. Ми организмде түзілген энергияның......... О/О жұмсайды 
4. Адам миы негізгі үш бөлімнен...............................................................тұрады 
5. Сопақша ми.............................арқылы ортаңғы ми,аралық ми,үлкен ми сыңарларына қозуды өткізеді 
6. Жұлынның жалғасы........................... 
7. ...........................................,нейрондар тіршілігін жояды 
8. ............................................жарық пен дыбысқа жылдам реакция көрсетуді қамтамасыз етеді. 
9. .......................зат алмасуды, су мен тамақ ішуді, дененің тұрақты t реттейді 
10. Мишықтың ең басты қызметінің бірі............................,......................... 

Дұрыс жауабы 
1. Адам миы 
2. 1300-1400г 
3. 25 пайызын 
4. Ми діңінен,мишық ,үлкен ми сыңарынан 
5. көпір 
6. Сопақша ми 
7. Сопақша ми мен көпір зақымданса 
8. Ортаңғы ми 
9. Аралық ми 
10. Қимылды үйлестіру,тепе-теңдікті сақтау 
Бағалау 

«Синквейн» әдісі 
1. Зат есім........ 
2. Сын есім....... 
3. Етістік...... 
4. Сөйлем.... 
5. Мағыналы сөз.... 

Голосарий (үш тілде) 
Үлкен ми сыңары - пара большого мозга - Ensephalon 
Аралық ми - средний мозг - intermediate 
Сопақша ми - овальный мозг - oval 
Мишық - мозжечок - cerebellum 

Кері байланыс. Тыныштық сәті 

Үйге тапсырма «Бәрін білгім келеді» 
№14. Ми діңінің құрылысы. Мишық оқу 
2. Кестені толтыру 

Іздену жұмысы. Жүйке жүйесінің гигиенасы 

Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы
О.Жандосов атындағы мектеп-интернат КММ 
биология пәнінің мұғалімі Бағила Рысбекқызы Садабаева
өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Бақытгүл Орынбекқызы Калиаждарова

 

Жүктеп алу

 

 

Г. Берік