Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Алтын ұя / Мектеп өмірі / Тәрбие сабақ жоспары. Құстар қайтып барады

Тәрбие сабақ жоспары. Құстар қайтып барады

Тәрбие сабақ жоспары. Құстар қайтып барады

Тақырыбы: Құстар қайтып барады (мерекелік кеш)

Мақсаты: Оқушыларға жалпы құстар, құстардың пайдасы туралы, мағлұмат бере отырып, оларға қамқор болуға, құстарды аялауға бейімдеу;

Оқушылардың құстар туралы ой өрістерін, түсініктерін дамыту;

Отанын, жерін, орманын, көлін, табиғатын сүюге баулу.

Көрнекіліктер: суреттер, видео, табиғи материалдар, нақыл сөздер, жұмбақтар.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі. 

Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар! 19-25 аралығында өтетін биология-химия, өзін-өзі тану пән бірлестігінің қорыту кешіне қош келдіңіздер. Бүгінгі «Құстар қайтып барады» атты сыныптан тыс сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

1-жүргізуші: Ендеше әділқазылар алқасын сайлап алайық.

2- жүргізуші:

Ән құстарым үніммен,
Сән құстарым гүліммен.
Қуантамын бәріңді,
Құт-береке күніммен,- деп бүгінгі жарысқа қатысатын оқушыларды қол соғып ортаға шақырамыз

1-ші «Қарлығаш» тобы 8а сынып оқушылары:

2-ші «Аққу» тобы 8ә сынып оқушылары:

3-ші «Ақкөгершін» тобы 9а сынып оқушылары:

4-ші «Шағала» тобы 9ә сынып оқушылары

5-ші «Бозторғай» тобы 10а сынып оқушылары

 6-шы «Тырналар» тобы 10ә сынып оқушылары

1-жүргізуші: Өтілу барысы 6 кезеңнен тұрады

1. Таныстыру(өздерін,эмблеманы)

2. «Құстар біздің досымыз» ән айту

4. Үй тапсырмасы «Шебер қолдар» (Табиғи материалдардан бұйымдар жасау)

5. Кім көп біледі «жұмбақ»

6. Көкеніс, жемістермен салат жасау

7. Қорыту, марапаттау

2-жүргізуші: Тұңғыш рет құстарға арналған мереке 1927 жылы өтілді.

1927 жылының көктемінде жас натуралистердің Қ.А.Тимирязев атындағы орталық биостанциясында бүлдіршіндердің құстарға арналған тұңғыш мерекесі құстар күні өткізілді.

Бұл мерекеге алдын ала әзірленіп, құстарға ұя жасап, плакат, ұран жазып, қабырға газеттерін шығарып, құс маскаларын дайындайды екен.

Табиғатта да адам өмірінде де құстардың мәні өте зор. Құстар әуезді әсем сайрағыштығымен, сымбатты да сұлу, алуан түрлі сыртқы көрінісімен ормандарды, саябақтарды, шалғындарды және табиғаттың сәнін келтіру арқылы адамдарды эстетикалық ләззатқа бөлейді.

1-жүргізуші:

Құстар адам өміріне сән-салтанат беріп, әсем сазды үнімен жанды рахатқа бөлейді. Сондықтан, атадан балаға мұра болып келе жатқан халық шығармашылығында адам бойындағы ең сұлу ерекшеліктерді құстарға теңеп, «аққу мойын», «қасы қарлығаштың қанатындай», «бүркіт тұмсық», «қаз дауысты» т.б. деп сипаттаса, «Қарлығаш», «Сандуғаш», «Бүркітбай» деп балаларына ат берген.

1-жүргізуші:

Адам құстарды спортқа және әр түрлі мақсатта қолға үйретіп, баптайды. Құстар атаулының бәрі пайдалы. Құстардың қайсысын болса да қорғау керек. Құстардың саябаққа, бау бақшаға, егістіктер мен бақтарға үйірілуіне мүмкіндік жасап, ұсақ құстарға қыста жем шашар, жазда ұялағыш үйшіктер дайындау арқылы қамқорлық жасау табиғатты көркейтіп, құстарды аялай білудің негізгі шарты, құстардың ұясын бұзып жұмыртқасын жарудан аулақ болыңдар.

1-жүргізуші:

I кезең таныстыруға берейік

1. «Қарлығаштар» тобы
2. «Аққу» тобы
3. «Ақкөгершін» тобы
4. «Шағала» тобы
5. «Бозторғай» тобы
6. «Тырналар» тобы

Әділқазылар алқасы бағаларын берсеңіздер.

2-жүргізуші:

«Өлең сөздің патшасы сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы» деп Абай атамыз айтқандай өлең жолдарына кезек берейік.

2-жүргізуші:

8а сынып оқушыларының орындауында «Қос қарлығаш» әні қарсы алыңыздар.

1-жүргізуші:

8ә сынып оқушыларының орындауында «Құстар қайтып барады» әні қарсы алыңыздар

9а сынып оқушыларының орындауында «Ақкөгершін» әні

9ә сынып оқушыларының орындауында «Қараторғай» әні

10а сынып оқушыларының орындауында «Бозторғай» әні

10ә сынып оқушыларының орындауында «Тырна, тырна, тырналар»

Әділқазылар алқасы бағаларын берсеңіздер

III кезең. «Шебер қолдар» жасаған бұйымдарын қорғайды

1-ші 8а сынып оқушылары

2-ші 8ә сынып оқушылары

3-ші 9а сынып оқушылары

4-ші 9ә сынып оқушылары

5-ші 10а сынып оқушылары

6-ші 10ә сынып оқушылары

Әділқазылар алқасы бағаларын берсеңіздер.

2-жүргізуші. Біз кең далада, табиғат құстары бай далада өскен халықпыз. Жер бетінде 8600-ге жуық құстар түрі бар десек, біздің елімізде 500-дей түрі кездеседі екен. Ал жергілікті жерімізде қараторғай, сауысқан, көкек, қарғалар кездеседі. Жыл құстарын атайтын болсақ: аққу, қарлығаш, үйрек, шағала сияқты көптеген құстарды білеміз.

1-жүргізуші.

Құстардың адам өміріндегі маңызы туралы қазақ халқының тамаша мақал-мәтелдері қаншама десеңші! Мақал-мәтелдер халықтық педагогиканың үлкен бір арнасы.

Ендігі кезек мақал – мәтелдердің жалғасын табу

1. Аққу құсқа оқ тисе, қанатын суға тидірмес.........
   Ер жігітке оқ тисе, қиналғанын білдірмес.
2. Аққу құссыз - көл жетім, ..................айтылмаған сөз жетім.
3. Өлеңге енсе - сөз сұлу, ..........................аққу жүзсе - көл сұлу.
4. Қарға баптанып, сұңқар болмас, ......................Есек мақтанып, тұлпар болмас.
5. Бұлбұлға бау жақсы, Кекілікке тау жақсы. Ер жігітке бәрінен,.................................Туып-өскен ел жақсы.
6. Ақсұңқар ....................- құстың баласы алдына қоймай жем жемес.

Енді балалар, құстар жөнінде викторина сұрақтарына жауап берейік. Әр топ екі сұраққа жауап береді.
1. Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады? (бүркіт)
2. Қандай құс хат тасушы атанған? (көгершін)
3. Қандай құста мүлде ұя болмайды? (көкек)
4. Бейбітшілік құсы қай құс? (көгершін)
5. Құстар балапандарын қайда өсіреді? (ұяда)
6. Киелі құс? (аққу)
7. Қандай құстың құйрығы айыр? (қарылғаш)
8. Түнде ұшатын құсты ата? (жарғанат)
9. Орман дәрігері? (тоқылдақ)
10. Өз атын өзі шақыратын құс? (көкек)т.б.

ІҮ. Құстарға арналған көптеген жұмбақтар да бар. Енді осындай біраз жұмбақ шешіп көрелік. Әр топ екі жұмбақ шешеді.

1.Туысы дейді құстардың
Інісі дейді тышқанның
Тышқан да емес, құс та емес
Екеуінен де тыс қалдым (жапалақ)

2. Қызығып әр адам
Ұстап ап даладан
Жүнімен жұлып ап
Бесікке қадаған
Бұл қай құс? (үкі)

3. Қашаудай мықты тұмсығым
Бәсеке тігем бұл шыным
Құрт, қоңыз, аулап жарысам
Орман дәрігері боп табылам (тоқылдақ)

4. Түсі қара мақпалдай
Төсі ақ сыр жаққандай
Ұшса оқтай зулайды
Көктен жұлдыз аққандай (қарылғаш)

5. Биікке салған ағаш үй
Сол ғой оның мекені
Жаздай сайран салып ап
Қыста алысқа кетеді (қараторғай)

6. Он екі айдың біреуі
Сірә оның атында
Өзге ұяға із тастап
Мен деп жар сап жүреді (көкек)

7. Сайрайды бір талмайды,
Әнші құс бұл таңдайлы. (бұлбұл)

8. Қараңғыда ұшады, құбылады
Жарық көрсе қашады, тығылады. (жарқанат)

9. Шарлап келіп даланы,
Үйіне үй салады. (қарлығаш)

10. Түсі қара мақпалдай
Төсі ақ сыр жаққандай.
Ұшса оқтай зулайды
Көктем жұлдыз қаққандай. (қарлығаш)

11.Орман іші солқылдап,
Жаңғырықты түнімен.
Ұрды ағашты тоқылдап,
Тұмсығының түбімен. (тоқылдақ)

Y. Ал, балалар құстарға байланысты қандай халық болжамдарын білесіңдер?

· Құс жүнін үрпитс, жаңбыр жауады, ауа райы өзгереді.

· Сары шымшық ысқырса, шынымен күз болғаны.

· Шымшық ұя салса, қыс қатты болады.

· Қарға қарқылдаса, қар жауады

Мұғалім:

Оянып бар табиғат ұйқысынан,
Жадырап құтылғандай құс қамынан.
Көктемді шуға бөлеп әнге ораған,
Тыңдаймыз алуан сыр жыл құсынан.

Міне, құрметті қонақтар осымен құстарға арналған “ Құстар қайтып барады» атты сыныптан тыс сағатымыз аяқталды. Қымбатты құстарға қамқор болайық.

Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы
О.Жандосов атындағы мектеп-интернат КММ
Бағила Рысбекқызы Садабаева 

Жүктеп алу

0
Рейтинг: +1

Фото: pixabay.com
Қосылған күні: 28 ақпан 2018, 08:52

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.