Монстрлар демалыста 3 – қазақ тілінде

Монстрлар демалыста 3 – қазақ тілінде
Фото: wallpapershome.ru

SONY әлемдік студиясы ұсынған «Монстрлар демалыста 3» анимациялық фильмінің қазақ тіліндегі трейлерін қарсы алыңыздар. Бұл қазақ тіліне дубляждалған 24-ші және Дракула мен Мэйвистің шытырман оқиғалары туралы үшінші туынды. Фильмнің алғашқы көрсетілімі 12 шілдеге жоспарлануда.

Осы жолы Дракула өзінің достарымен тамаша, сәнді лайнермен круизға аттанады. Онда сан түрлі көңіл көтеретін орындар бар: монстробаскетболдан бастап, экзотикалық экскурсия мен ай астындағы ваннаға дейін. Дракула кеменің капитаны – жұмбақ әрі сұлу Эрикаға кенеттен ғышық болып қалғандықтан, оның қызы Мэвис сапардың енді сұмдық  болатынын түсінеді. Өйткені, Эрика барлық монстрлар өміріне қатер туғызатын бір құпияны білетіні анық.

Фильм 2D, 3D, 4D және IDMAX форматтарында көрсетілуге қол жетімді болады.

Жаңа шытырман оқиғалар, сүйікті кейіпкерлер – осының бәрі қазақ тілінде.

Келіңіздер! Көріңіздер!

Жоба ұйымдастырушысы: «Marwin» компанияcының қолдауымен «Болашақ» Корпоративтік Қоры

12 шілдеден бастап қазақ тіліндегі «Монстрлар демалыста 3» фильмін еліміздің барлық кинотеатрлардан көріңіздер.

Г. Берік