Оқи отырыңыз

Бір қазақ ең кемі екі ақыл айтып кетеді. Өз қара бас сол екі ақылдың біреуін орындап жүрген болса, әлдеқашан адам болып кетер еді.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Алтын ұя / Мектеп өмірі / Мұғалім болсаңыз, мектепте міндетті түрде болатын жайлар

Мұғалім болсаңыз, мектепте міндетті түрде болатын жайлар

Мұғалім болсаңыз, мектепте міндетті түрде болатын жайлар

Барлық мамандықтың өзіндік ауыртпашылығы бар екені рас, бірақ мұғалім болу бәрінен де қиын. Өйткені ол адам тағдырына жауапты.

Мектеп жылдары — керемет кездер. Бірақ, мұғалімдер үшін ол 9 не 11 жыл емес, 20 немесе одан да көп жылдар болуы мүмкін. Көп жағдайға қалжыңмен жеңіл қарай білмесең, мектепте осыншама ұзақ уақыт жүріп-тұру да қиын. Иә, оқушылармен де жиі әзілдесіп, өз-өзіңе де күлкімен қарап, сондай-ақ әріптестермен де міндетті түрде қалжыңдасып тұрған жөн болар.

1. Оқушыларға айғайлау немесе одан да жаманы

Ұстаздық киелі әрі өте көне мамандық. Адамзатты ежелден ойландырып,толғандырып келе жатқан,қоғамдық құрылыс өзгеріп жатса да, қажеттігін жоймайтын маңызды мәселе — жас ұрпақты өмір сүруге дайындау. Бұл қиынның — қиыны. Кейде шыдамың таусылып, айғайлап беруің мүмкін, әрине, негізі болмайды ғой. Мұғалім айғайдан көп пайда таппас. Мұндайда төзімділік танытуға тура келеді. Мұғалімге тән ең бірінші қасиет – баланы құрметтеу.

2. Сабаққа кешігу. Мұғалімнің кешігуі

Өзің оқушы болып жүргенде, мұғалімнің жағдайы оқушының жағдайына қарағанда жеңілірек, жақсырақ болып көрінеді. Партада отырмайсың, үй жұмысын жасамайсың — тек тапсырма бересің де жүресің. Ал шындығында, мұғалімдерге де мектепке кешігіп келуге болмайды, оған қоса тексеру үшін үйге әкетілетін қаншама жұмыс бар, ал директормен, әдіскермен және оқу ісінің меңгерушісімен қарым-қатынас кейде кінәлі оқушының уайымынан да көбірек уайым әкеледі.

3. Лақап атқа ие болу. Бірнеше жылдан кейін тағы біреуін иелену

Мектепте мұғалімнің бірін жақсы көрсе, енді бірін ұнатпай жатады. Және оқушылардың өзіңе қалай қарайтыны туралы білуіңе тура келетіні рас. Қалай болғанда да, мұғалімнің міндеті — оқыту. Ал стильді таңдау әркімнің өз еркінде: іш пыстыратын, көңілді, қатал, нашар, жалқау т.б.

4. Кейде 25/8 режимінде жұмыс істеу

Бүгінгі күн мұғалімнің көп ізденіп, тынымсыз еңбектенуін, сабақ берудің амал–тәсілдерін жетілдіріп отыруды қажет етеді. Өйткені, оқушылар, білім мазмұны, оқыту стандарттары мен үрдісі өзгеріп тұрады, үнемі жаңа талаптар пайда болып жатады.

Бұл арада оқушыларға пәніңді үйретіп үлгеру де керек. Оған қоса сабақты қызықты етіп өткізу, электронды журнал толтыру, дәптер тексеру, ертеңгі күннің сабақ жоспарын жазу, сынып жетекшінің құжаттары, оның сыртында сан алуан мәліметтер мен хабарлама, хаттамалар сияқты бір адамнан асып артылатын жазба жұмыстары. Түрлі байқаулар мен конференция, семинарларға дайындық... ал қалған бірнеше сағат үйге қайтатын жолға ғана жететін сияқты.

5. Балалар назарын аударудың 55 әдісін ойлап табу

Бірінші сабақ не соңғы сабақ болуына қатысты оқушылардың ұйқысы келуі мүмкін, ештеңе істегісі де, естігісі де келмеуі мүмкін. Түрлі себептерге байланысты сабақта балалардың назарын өзіңе аудару оңай іс емес. Және сол назарын аудара алу — кез-келген мұғалімнің басты міндеті де шығар.

Осындай қызығынан қиындығы, зейнетінен бейнеті басым жолды таңдаған қадірлі ұстаздардың әрдайым рухы өрде, орны төрде болсын!

Рейтинг: +2

Дайындаған: Әсел Асанова
Фото: kokshetau.akmoedu.kz
Қосылған күні: 11 ақпан, 17:38
Пікірлер
+1
11 ақпан, 18:38

Жақсы жазыпсыз. Қазір "мұғалім боламын" деген оқушы болса да, "оның жұмысы қиын, мұғалім болмай-ақ қой," - дейтін ұстаздар да кездеседі.

+0
11 ақпан, 20:09

Құдай қаласа екі жылдан соң ұстаз боламын. Шынымен де керемет мамандық!

-1
11 ақпан, 20:09

Құдай қаласа екі жылдан соң ұстаз боламын. Шынымен де керемет мамандық!

+0
12 ақпан, 08:44

Дегеніңізге жетіңіз!

+1
15 ақпан, 02:42

кайдам?....казіргі мугалімдердің бір аягы жерде,бір аягы гөрде гой!!! (((((

+0
17 ақпан, 00:57

Мен ұстазбын!Өте орынды дұрыс жазыпсың Əсел сіңілім.Өзіңе айтар өзге де əңгімелерім бар осы ұстаздар жайлы.Ватцап номеріме хабарласшы өтініш.

+0
21 ақпан, 10:12

Сәлеметсіз бе, Гүлмира ханым. Нөміріңізді маған жазып жіберсеңіз. Не өзіңіз хабарлассаңыз болады, 8 702 500 76 95

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.