Ұлы дала мұрагерлері

Ұлы дала мұрагерлері
Фото: НИШ Атырау

Тәуелсіздік мемлекеттегі әр саланың өз алдына дамып, жаңа әлемнің өзгерістеріне бейімделе отырып қалыптасуына зор мүмкіндік берді. Соның бірі ұлттық білім беру саласы. Еңселі жиырма бес жылдан астам уақытта білім саласы түрлі өзгерістерге ұшырап нәтижелі жетістіктеріге қол жеткізді. Соның бірі мемлекет басшысының қолдауымен іске асқан «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ң құрылуы. Сапалы білім берудің отандық флагманы ретінде өзге білім беру мекемелерін алға жетелейтін, жаратылыстану және математика бағытындағы ғылымды игеруде көшбастап отырған зияткерлік мектептер желісінің құрылғанына 10 жыл толғалы отыр. Ал Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жұмысы 5-ші жылға аяқ басты. Аталған мерізім ішінде өңірдегі Елбасы мектебінің жеткен жетістіктері, толайым табысы көп.

Соның айқын дәлелі ретінде оқу орынның Нидерландыдағы (CIS) Халықаралық мектептер Кеңесінің аккредитациясынан сәтті өтуі.

Осы орайда Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арнап «Ұлы дала мұрагерлері» атты оқушылардың шығармашылық есебін өткізуде. Шара Ұлт Көшбасшысының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты стратегиялық мақаласын негізге ала отырып зияткерлік мектептердің он жылдығы аясында өтуде.

фыв

«Ұлы дала мұрагерлерінің» бағдарламасы екі бөлімнен тұрады. Көрмеде оқушылар ғылыми жәрмеңкелерді, шығармашылық алаңдарды, ашық лабараториялары ұсынды. Мұндағы мақсат – Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі білім беру саясатының іс-тәжірибесін тарату, шараға қатысушылар үшін жаңартылған білім беру моделінің ерекшеліктерін, баланың сыни ойлау, шығармашылық дағдыларын дамыту сынды негізгі қағидаларды кең ауқымда таныстыру болатын.

ф

Көрмеде химия, биология, физика, математика сынды ғылымдарды игеруде арнайы жобаларды жасақтап отырған балалардың жұмысы қойылды. Мәселен: топырақты мұнай қалдықтарынан тазарту, жалынды микротолқын әдісімен өшіру, арзан электр көзін алу және будан сутамшыларын жинайтын қондырғылар секілді ғылыми жоба түрлерімен танысты. Сондай-ақ қосымша білім беру курстарының жұмыстары: саз және қыштан бұйымдар жасау, тоқыма және тігін шеберханасы, ағаш-металл және пластик материалдармен жұмыс үйірмесі, бейнелеу, киіз және жүн өнімдерімен айналысатын оқушылардың туындылары ұсынылды.

Ал шараның негізгі бөлімі – Махамбет драма театрының сахнасындағы «Ұлы дала мұрагерлерінің» шығармашылық есебіне арналған гала-концерті.

фы

Мұнда мектептің хор ұжымы, хореография, домбыра, актер шеберлігі үйірмесінің балалары өнер көрсетті. Атап айтсақ, құрамында 100-ден астам оқушылары бар домбыра оркестрі бір мезгілде Құрманғазы күйлерін орындаса, мектептің көлеңке театры «Мәңгілік ел тарихы» атты қойылымда еліміздің негізгі тарихи оқиғаларын көрсетті.

фы

«Ұлы дала мұрагерлері» шығармашылық есебінде Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі әлеуметтік жобалар, атап айтсақ «Екі апта ауылда», «Ата-ана жұмысында 10 күн», «Баланы жұмысқа жетеле» сынды оқушылардың жазғы әлеуметтік тәжірибелерінің орындалуы көрініс тапқан еді. Шарада үш тұғырлы тіл саясатының қолданылуы, зияткерлік мектептердің оқушыларына оқуға ұсынылған «100 кітап» жобалары әдемі ән, мың бұралған бимен көрерменге керемет көңіл күй сыйлады.

Т. Есқали