Арман деген дерт

Арман деген дерт
Фото: Econet

Арман – үлкен мәселе. Ол сіздің аяғыңызға біткен жара секілді. Сіз адымдаған сайын жаныңызды қинайды. Қай жағынан қарасақ та, арман ешқашан тәтті болған емес. Арман – дерт. Сіз мақтанып, басыңызды биік өмір сүру үшін төлейтін ақыңыз.

Біріншіден, егер сіз армандайтын болсаңыз, бұл сіздің жолыңыздың тегіс болмайтынынан хабар береді. Неге адамдар арманым орындалмады деп жатады? Өйткені, олар арманын үшін күреспегендер немесе орта жолда жеңіліп, кері қайтқандар. Арманыңыз үшін сіз өзіңіздің ішіңіздегі "қаламаймын" немесе "қолымнан келмейді" деген сылтаулармен күресесіз. Яғни, өзіңізбен күрес жүргізесіз.

Біз қазір қолымыз жетпейтін нәрсені армандаймыз. Оның қандай жолмен келетінін де білмейміз. Ол үшін қаншалықты тер төгу керек деген сұрақтың да жауабын білмейміз. Сондықтан да, ол ұзақ әрі алыс секілді көрінеді.

Сонымен қатар, арманымыз үшін біз өзімізді сынаймыз. Бүгінгі "меннен" арылып, ертеңгі "өзімізді" құрастырамыз.

Екіншіден, армансыз адамның адами даму үрдісі тоқтап қалады. Ол бір уақыттың уысынан шыға алмай қалады. Әрине, ол адамға әлем қарсы жүреді. Оның айналасы өзгереді, дамиды, жетіледі. Ал, бұл – армансыз адамға үлкен сынақ. Өйткені, сенен өзгенің барлығы өзгеріп жатқанын байқау ең қиын жұмыс.

Арман – дерт. Бірақ, уақытша. Кейде ол бір жылға созылуы мүмкін, кейде он-жиырма жылға дейін жалғасады. Кей армандар мәңгілік орындалмастан кетеді.

Арман – бұл сіздің өзіңізге деген сыйластығыңыздың басты белгісі. Адамдар жиі өзің құрметтей бермейді. Көбіне, өздерің жек көреді, жазғырып та жатады. Ондай адамдар арманнаың шындыққа айналуы мүмкін деген ұғыммен таныс емес. Олар адамдардың арманына қолы жеткенде қандай күй кешетінін әлі аңғармаған.

Арман – қорқыныш. Адамдар өздерін жоғалтып алудан, арманын жоғалтып алудан қорқады. Олар арманы үшін күресу кезінде қиындықтарға төтеп бере алмаудан жасқанады.

Арман – бұл сіздің тірі адам ретінде өмір сүруіңіздің басты символы.

Т. Есқали