Education Index: Қазақстан қай орында?

Education Index: Қазақстан қай орында?
Фото: ibttech.com

Education Index немесе әлемдегі білім беру деңгейінің индексі – бұл Біріккен ұлттар ұйымының дамуындағы жинақталған көрсеткіш. Әлемдегі ең бірегей көрсеткіштердің бірі. 

Индекс мемлекеттің білім саласы негізінде дамығанын және қалыптасқанын көрсетеді. Ол екі бағытта жүреді: 

1. Ересек адамдардың білім деңгейінің индексі; 
2. Оқуын жаңа бастаған, оқып жатқан, оқуды енді аяқтап жатқан жастардың индексі; 

Аталған екі бағыт бойынша көрсеткіш деңгейі 0 және 1 бірліктерінің арасында орындалады. Мәселен әр елдің білім деңгейі кем дегенде 0,8 көрсеткішіне жету керек. Бір қызығы 0,9 және одан да жоғары көрсеткішті көрсететін әлемде дамыған елдер бар. Бұл білім деңгейінің сапасын анықтайды. 

Халықтың сауатын тексеру үшін сол ұлттың адам санына қарай есептеліп, арнайы тексеріс үшін ЮНЕСКО-ның сараптау институтына жіберіледі. 

Индекс бойынша сараптама жасау 2-3 жылда бір рет қайта өңделеді. Өңделген көрсеткіш бойынша БҰҰ қорытынды жасайды. 

Төмендегі тізімде адамдардың жан санына қарай сауаттылық деңгейінің ең жоғары көрсеткіштері берілген. Бұл 2015-2016 жылдарға арналған көрсеткіш. 2017-2018 жылғы көрсеткіш келесі жылы немесе 2019 жылы БҰҰ арқылы жарық көреді. 

Рейтинг

Мемлекет

Индекс

1

Австралия

0.939

2

Дания

0.923

3

Жаңа Зеландия

0.917

4

Норвегия

0.916

5

Германия

0.914

6

Ирландия

0.910

7

Исландия

0.906

8

АҚШ

0.900

9

Нидерланд

0.897

10

Ұлыбритания

0.896

Бұл тізімде алдыңғы ондық көрсетілген. Біздің еліміз бұл көрсеткіш бойынша 39-орында тұр. Яғни индкес бойынша 0.805 көрсеткішімен Палау мемлекетінен кейін орналасқан. 

Көрші Ресей елі 34-орында болса, Қырғызстан 65-орында, Өзбекстан 58, Қытай 0.631 индекспен 108-орында қалып келеді. 

М. Ақан