12 жылдық білім беру жүйесі: Оқушы міндеттері

12 жылдық білім беру жүйесі: Оқушы міндеттері
Фото: Ернар Алмабек

Білімділер ғасырында тәуелсіз ел ретінде өмір сүріп жатқан мемлекетіміздің биік шыңдарды білімді жастар көмегімен ғана бағындыра алады. Өйткені, ел болашағы солардың қолында.

Осы орайда елбасы ескі білім жүйесін түбегейлі өзгертіп, жаңа 12 жылдық білім беруге өтуді ұсынған болатын. Бұрын-соңды мектептерде оқушыларға оқудан өзге талаптар қойылмайтын, енді балаларға деген көзқарас та өзгеріп отыр. Өйткені, 12 жылдық жүйе бойынша білім алатын бала өз міндеттерін толыққанды орындаса өз замандасынан бір қадам алда болып, ерекше жұмыстану нәтижесінде болашақта елге зор ықпал ететін тұлға қалыптасып шығары хақ.

Сол себептен де білім сапасын арттыру, оқушылардың дарындылығын айқындап, біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми ізденіс қабілеттерін қалыптастыру – 12 жылдық жүйе бойынша білім беретін әрбір ұстаздың міндеті. ХХІ ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адамды қалыптастыруда білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында. Осы тұрғыда 12 жылдық жүйе бойынша білім алатын оқышу мынадай міндеттерді орындауы тиіс:

• білім берудің жеке траекториясын құруға берілген мүмкіндіктерді пайдалану (білім беру материалын қарқынды игеру деңгейі);

• білім беру және әлеуметтік құзыреттілік компоненттері ретінде оқу үдерісінің дағдылары мен әдістерін меңгеру;

• оқу мәселелерін шешу мен құзыреттілікке жету мақсатында білімі, дағдылары мен қабілеттерін, сондай-ақ, жұмыс істеу жолдары мен әдістерін пайдалана алу;

• мектептегі білім мазмұнын игеру және оны жеке білім беру капитанына айналдыру үшін қол жетімді ақпараттық ортаны (оқулықтар, оқу әдебиеттері, мультимедиялық бағдарламалар, қашықтық технологиялар, интернет және т.б.) пайдалану.

Оқулықтарды әзірлеу және жариялау мемлекеттік міндеттердің бірі болып табылады. Дайындалған оқулықтар мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес болуы тиіс және оқытудың мазмұнын іріктеу нәтижеге бағдарланған білім беруді ескере отырып жүргізілуі тиіс. Құзыретті түрде жасалған көп деңгейлі оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер әр түрлі деңгейдегі және дифференциалды оқытуды ұйымдастыруға мүмкіндік беруі керек.

Сабақтарды әзірлеу кезінде оқушылардың өзін-өзі дамыту мақсаттарына басымдық беріледі. Сондай-ақ, оқу материалдары мазмұнын, оқытудың нысандары мен әдістерін модельдеу оқушылардың өнімді жұмысын ұйымдастыруға мүмкіндік беруі тиіс.

12 жылдық білім жүйесі бойынша мектепте оқыту мен білім берудегі іргетастардың бірі адамның қабілеттерінің толығымен көрініс табуы мен дамуы болып табылады. Адам дамуына ең үлкен үлес осы жас кезеңінде оның дамуына жетекшілік ететін жүйе арқылы жасалады.

Бұл мақсатқа оқушының әлеуетті мүмкіндіктерін анықтап және оларды дамытуға бағытталған вариациялық бағдарламалар, дифференциалды тапсырмалар, жеке білім беру траекториясының міндеттерін барынша толық шешетін ұйымдастырушылық іс-әрекеттердің түрлері арқылы қол жеткізіледі.

12 жылдық мектептегі құзыретті әдістің негізгі міндеті оқушылардың жалпы кешенді дамуын қамтамасыз ету. Олар өзгеріске бейім ортаға әлеуметтік мобильділік таныта отырып, туындаған мәселелерді ұтқыр шеше білуі тиіс. Сондай-ақ, жүйе міндеті өз ойын жүзеге асыру қабілетін көрсетете алу секілді қасиеттеді дамытуды қамтиды.

Білім беру үдерісін ұйымдастыруда адамның психикалық және физикалық сау болуы мен дамуы сынды міндеттерін кешенді түрде көрсететін пәндік-кеңістіктік ортаны сақтаудың маңызы зор.

Оқу үрдісін ұйымдастырудың өзіміз дағдыланған дәстүрлі тәсілдерімен қатар оқу үдерісі циклдерінің түрлі нұсқаларын (модельдерін) қамтамасыз ететін циклді (апта, екі апта, ай, тоқсан, жартыжылдық) жүйесімен ұйымдастыру.  Сонымен қатар, күтілетін нәтижелерге сәйкес білім беру үдерісін бақылауға және түзетуге міндетті мұғалімдердің функциялары айтарлықтай өзгереді. Нәтижеге негізделген білім беру үлгісінде психодиагностикалық қызметтің рөлі арта түседі. Оның басты мақсаты білім берудің әр кезеңінде оқушылардың ішкі жеке ресурстарының дамуын бақылау болып табылады. 

Жеке тұлғаның қалыптасуына бағдарланған оқытудың міндеттерін ойдағыдай жүзеге асыру үшін режимді оңтайлы пайдалану мен бес күндік жұмыс аптасын ұтымды ұйымдастыруды көздейді. Сенбі оқушыларды тәрбиелеу үшін жеке бағдар беретін сабақтарды ұйымдастыруға бағытталған күн болып табылады.

Оқу мерзімі (8 апта) мен демалыс уақытын реттеу балалардың денсаулығын сақтауға көмектеседі. Ал, дені сау бала тұлға ретнде қалыптасу үшін бар күшін сарп етуге дайын болады.

А. Оралқызы