Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Алтын ұя / Мектеп өмірі / 12 жылдық білім беру жүйесі: Ұстаз ата-аналармен жұмыс істеуінің маңызы

12 жылдық білім беру жүйесі: Ұстаз ата-аналармен жұмыс істеуінің маңызы

12 жылдық білім беру жүйесі: Ұстаз ата-аналармен жұмыс істеуінің маңызы

Жаңа 12 жылдық білім беру жүйесі – заман талабына байланысты жолға қойылған мақсат. Бұл мақсатқа қол жеткізу арқылы біз сауатты, тәрбиелі әрі бәсекеге қабілетті ұрпақ қалыптастырумен қатар мемлекетіміздің іргесі берік елге айналып, сол қалпын сақтап қаларына сенімді боламыз.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев ұсынған жаңа тұжырымдамада оған қатысты барлық нысандардың маңызы зор. Солардың қатарында ата-аналар да бар. Себебі, баланың тәрбиесі мен білімі – мұғалімнің міндеті ғана емес, оның ата-анасымен бірлесе жүргізілетін үлкен жұмыстың нәтижесі.

Мұғалім тек өз пәнінен сабақ беріп қана қоймауы керек, сонымен қатар тәрбиеші адал, әділетті, шыншыл адам болуы керек. Әрбір мұғалім сабақта алға қойған үш мақсатының үшеуіне де жетіп, білім мен тәрбиені ұштастыруы қажет.

Сынып жетекшісі – ата-ана, оқушы, пән мұғалімдерін байланыстырушы ғана емес, қарым-қатынастарын басқарушы, бақылаушы, кеңесші.

Қазақстан Республикасының жаңа 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу туралы заңында әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын таныту сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі.

ХХI ғасыр – бәсеке ғасыры болғандықтан ол енжарлықты көтермейді. Еліміз егемендігін алып, өзін бүкіл әлемге мойындата бастаған осы кезеңде біздің қоғам дарынды, қабілетті, жан-жақты жетілген адамдарды қажет етеді. Сондықтан да еліміздің білім берудегі ұлттық жүйесі өте қарқынды өзгерістер сатысында тұр.

Бүгінгі таңдағы негізгі мақсат – ұлттық құндылықты әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті, өзіндік жеке көзқарасы қалыптасқан тұлға тәрбиелеу. Ол үшін оқушылардың белсенділігін арттыру, ізденімпаздыққа үйрету және білімді өз бетінше алуы мен қолдана білетін дарын иесін тәрбиелеу керек.

Жас жеткіншектердің бойындағы ерекше қабілеттілікті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар беру, оны сол бағытта жетелеу жолында ата-аналарды да жұмылдыру – ұстаз парызы. 

1
Рейтинг: +1

Дайындаған: Айымгүл Оралқызы
Қосылған күні: 25 тамыз 2017, 16:06

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.