Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Алтын ұя / Мектеп өмірі / 12 жылдық білім беру жүйесі: мұғалім қызметінің мақсаты

12 жылдық білім беру жүйесі: мұғалім қызметінің мақсаты

12 жылдық білім беру жүйесі: мұғалім қызметінің мақсаты

Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі – мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс – оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау – әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам.

Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.

Жаңа формация мұғалімі табысы, білігі арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.

Осы өзгермелі заман талабына сай енгізіліп отырған 12 жылдық білім беру жүйесінің бір бұрышы ұстаздар қауымының қолында екені құпия емес.

Жаңа тұжырымдама мақсаттарына қол жеткізу жолында оған қатысы бар кез-келген нысанның өзіндік міндеттері болуы тиіс. Сол секілді мұғалім қызметінің мақсатты түрде жүргізілуі оң нәтижесін көрсетеді.

Сонымен, жаңа 12 жылдық білім беру жүйесін жүзеге асырудағы мұғалім қызметінің мақсаттарына назар салыңыз: 

• Білім беру саласының негізгі және объективті міндеттерді ескере отырып, нақты білім беру үдерісінің мақсаттарын құрастыру (нәтижеге қол жеткізуге бағдарланған оқыту үдерісі мақсаттарын қалыптастыру);

• Оқу үдерісін білім беру стандартының талаптарына сәйкес және оқу материалын меңгеруді ұйымдастыру бойынша міндеттер кешенін шешуге бағыттай отырып жобалау;
• Оқу материалдарын дайындау және оқу мақсаттарына сәйкес ұйымдастыру;
• Оқу үрдісін жобалау және практикалық іске асыру үшін ақпараттық орта әлеуетін пайдалану;
• Оқушының оқу материалын меңгеруіне бағытталған белсенділігін реттеу;
• Оқушылардың озық дамуын ұйымдастыру үшін толыққанды жағдай жасау (даму аймағына қол жеткізу);
• Құзыреттілік түрінде жекелеген нәтижелерге жетудің оң эмоцияларын ынталандыратын психологиялық жайлылық пен қолдау атмосферасын құру;
• Өз білімін пайдалануға, өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі анықтауға және өзін-өзі тануға қол жеткізу үшін, субъективті тәжірибе алу үшін оқушылардың білім кеңістігін кеңейту мүмкіндіктерін іздеу;
• Ағымдағы нәтижелерді бағалау, қойылған мақсаттарға жетуге бағытталған оқытуды қадағалау.  

1
Рейтинг: +1

Дайындаған: Айымгүл Оралқызы
Қосылған күні: 25 тамыз 2017, 14:25

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.