НЗМ: Бағалау жүйесі қандай?

НЗМ: Бағалау жүйесі қандай?
Фото: НИШ Атырау

Назарбаев Зияткерлік Мектептерінің негізгі бағалау жүйесі бойынша оқушыға «5, 4, 3» деген бағалар қойылмайды. Бұл бағалардың орнын «мақсатына жетті», «талпынды» секілді бағалау жүйесі алмастырған.

Мұны «сыни бағалау жүйесі» деп атайды. Ол екіге бөлінеді:

• Сабақ үстіндегі бағалау жұмыстары;
• Тоқсан бойынша жиынтық бағалау.

Сабақ үстіндегі бағалау жұмысы қалай жүзеге асады?

Бала сабақ басталмас бұрын тақырыпқа байланысты өзіне мақсат қояды. Яғни, «Не істеймін? Не істелді? Неге қол жеткізуім керек?» секілді сұрақтарға сыни тұрғыдан жауап бере білуі тиіс. Мұны формативті бағалау деп атайды. 

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау деген не?

Оқу бағдарламасымен толық танысқан соң баланың меңгеру деңгейін анықтайтын жинақтаушы бағалаудың бір түрі. Суммативті бағалау деп аталатын бұл бақылау істері жүзеге асқаннан кейін оның оқу өлшеміне сәйкес баланың жеткен мақсаттары айқындалады.

Сонымен қатар, тілдерді оқыту барысында «тыңдалым», «айтылым», «оқылым» және «жазылым» секілді әдістер қолданылады. Бала тек бір бағытта жұмыс жасамай, жан-жақты дамуға мүмкіндік алады.

 

Т. Есқали