НЗМ:

НЗМ: "Туған елге тағзым" экспедициясы

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің ұйымдастыруымен 2012 жылдан бері жүзеге асып келе жатқан дәстүрлі «Туған елге тағзым» экспедициясының берері көп. Бала бойындағы туған елге деген патриоттық сезімді дамытумен қатар, өзге өлкелердің тарихмен терең танысып, оны зерттеуге мүмкіндік беретін мұндай жобалардың рөлі қандай?

Ең алдымен, бала бойындағы туған жерге деген құрметті жетілдіреді. Өзге қаладан екінші қалаға екі апталық саяхат жасай отырып, жаңа орта қалыптастырады.

Екіншіден, тарихтың тылсым сырларына үңіліп, әр өлкеге тән дәстүрлерге қанығады.

Үшіншіден, бала бойындағы көрсем, ұстасам деген қызығушылықтар арта түседі.

фыва

Сонымен қатар, бала жаңа достар табады. Саяхаттап жүріп, зерттеу жүргізеді. Көргенін, білгенін қағаз бетіне түсіріп, ерекше жобалар дайындайды. Кейін өз қаласына қайтқан соң, қалың көпшіліктің алдында  жобасын қорғайды. Осылайша, екі апталық саяхаты білім мен еңбекке, естеліктер мен демалысқа толы болады.

Оған қандай оқуылар қатыса алады?

Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқитын 7, 8, 9, 10-ыншы сынып, соның ішінде оқуда үздік, спортпен белсенді түрде шұғылданатын, түрлі мектепшілік, мектепаралық шараларда өзін көрсете білген оқушылар қатыса алады.

Экпедиция аяқталған соң жинақталған ақпараттар кітапханаларда сақталады. 

Қалай ойлайсыз? Мұндай жобалар балаға не береді?

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

"Балмұздақ, зейнетақы, көкжиек": Ісләм Жарылғаповтың сөз маржандары
"Балмұздақ, зейнетақы, көкжиек": Ісләм Жарылғаповтың сөз маржандары
Тәбәрік деген не?
Тәбәрік деген не?
Киіз үйдің математикалық сипаты
Киіз үйдің математикалық сипаты
Алғашқы обсерватория қайда орналасқан?
Алғашқы обсерватория қайда орналасқан?
"Астана" қарсыласына қарымын көрсете алмады
"Астана" қарсыласына қарымын көрсете алмады
"Чарли және шоколад фабрикасы" кітабы қандай балаларға арналған?
"Чарли және шоколад фабрикасы" кітабы қандай балаларға арналған?