Үштілдік оқыту бағдарламасы нені көздейді?

Үштілдік оқыту бағдарламасы нені көздейді?

Оқу үдерісін үш тілдік оқыту бағдарламасы жағдайында басқару, өз кезегінде,  неғұрлым тиімді әрі нәтижелі оқытуға алып келеді. Сондай-ақ, жаңа үштілдік оқу жүйесіне өту арқылы қазіргі заман талабына сай аз уақыт ішінде тілдерге қатысты материалдардан бөлек, өзін-өзі  басқару сынды жеке қасиеттерін дамыту бағытындағы ауқымды ақпарат алып, қарқынды даму дағдыларын оқушылар бойына сіңіру мүмкіндігі ашылады. 

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұсынған үштілді оқыту бағдарламасы төмендегідей негізгі принциптерін жүзеге асыруды мақсат тұтады:

• білім демократияландыру және ізгілендіру;

• басқарудағы жүйелілігі мен тұтастығы;

• орталықтандыру мен орталықтандырылмаудың ұтымды үйлесімі;

• өзін-өзі басқару мен алқалылық бірлігі арасындағы қарым-қатынас ;

• басқарудың ғылыми негізділігі;

• ақпараттың объективтілігі, толыққандылығы және жүйелілігі.

Өзге тілдерді үйрету үдерісі мынадай принциптерге негізделеді:

• білім берудің шығармашылық сипаты;

• білім берудің үйретушілік сипаты;

• оқыту барысында оқушының автономиясын дамыту;

• оқыту коммуникативтік сипаты;

• өзге тіл өкілдерінің мәдениетін үйрету;

мәдени, сөйлеу  және оқыту тәжірибелеріне арқа сүйеу.

Үштілдік білім беру бағдарламасы , ең алдымен, өздері мақсат тұтқан құзыреттіліктерге қол жеткізу жолында жұмыс істейді. Бұл жолды аталған құзыреттілтерді әр оқушының білуі және соған жету мақсатында аянбай еңбектенуі парыз. Мұндай бағдарлама шеңберінде білім алған келер буын өкілдері елді алға жетелейтін негізгі күш болмақ. 

А. Оралқызы