12 жылдық білім беруге өту: Ескі жүйенің кемшіл тұстары

12 жылдық білім беруге өту: Ескі жүйенің кемшіл тұстары

Қазақстан тәуелсіздік алғанына ширек ғасыр ғасыр өтсе де, айтарлықтай үлкен нәтижелерге қол жеткізді. Бірақ қол жеткен жетістіктер адам капиталының дамуы мен орнықты экономикалық өсуді толық қамтамасыз ете алмайды. Оған ең басты себеп – білім жүйесінің ескіруі нәтижесінде толыққанды сауатты әрі білікті мамандардың жеткіліксіз болуы.

Қазақстанның білім беру жүйесінің даму деңгейіне кері ықпал ететін мынадай факторлар қалып отыр:

1. Білім мазмұнының оқушының оқуға қызығушылығын төмендететін және денсаулығына кері ықпал ететін ақпараттық сипатының басымдығы.

2. Орта білім беру жүйесінде диагностикалық мақсаттың болмауы.

3. Білім берудің жеке тұлғаның дамуына емес, формальды нәтижелерге бағдарлануы.

4. Оқу жетістіктерін бағалауда оқушыны қызықтырмайтын, шынайылықты қамтамасыз етпейтін және қиындық тудыратын жағдайға душар ететін ескірген жүйенің сақталуы.

5. Жасөспірімдердің тұлғалық, азаматтық және адамгершілік қасиеттерінің жеткілікті дамымауы, өзін-өзі кәсіби анықтау мотивтерінің болмауы, өзіндік қызығушылығы мен өмірлік жоспарын сезіну деңгейінің төмендігі.

Алдағы уақытта әлемдегі көшбастаушы елдердің қатарына қосылу жолында кедергі болатын жоғарыдағыдай факторларды жоятын жаңа білім жүйесін қалыптастыру қажеттілігі осылайша пайда болды. Осы орайда елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасын ұсынған болатын. Аталған тұжырымдама кемел ұрпақ даярлаудың ең басты құралы болмақ.

А. Оралқызы