Биылғы оқу жылы 2 қыркүйектен басталады

Биылғы оқу жылы 2 қыркүйектен басталады
Фото: ntustik.gov.kz

Биылғы оқу жылы 2 қыркүйектен басталады. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің Баспасөз қызметі хабарлады. 

Бұған дейін ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Арын Орсариев Құрбан айт мейрамына қарай Білім күні басқа датаға ауыстырылмайтынын айтқан болатын. Естеріңізде болса, биылғы Құрбан айт мейрамы 1 қыркүйек күніне сәйкес келіп отыр. Демек, қазақстандықтар күздің алғашқы күнінде Құрбан айт мейрамын атап өтеді. 

Ал 2 және 3 қыркүйек әдеттегідей демалыс күндері ретінде сақталады. 

Е. Жұмабайұлы