Сіз бұрын естімеген жаңа “Ғарыш” әлемдері ашылды

Сіз бұрын естімеген жаңа “Ғарыш” әлемдері ашылды
Фото: GetBg.net

Менің есімім – Айымгүл Оралқызы. Экзюперидің кішкене ханзадасы секілді әлемде теңдесі жоқ 3 сұлу “Ғарыштан”  тұратын ғалам өмірін реттеушімін.

“Ғарыш” тобының құрамындағы қыздар өз алдарына бір-бір ғаламшар, бір-бір әлем, бір-бір ғарыш. Шексіз қиялдарымен бірінен бірі асады. Олардың әсемдігі бір бөлек әңгіме. Ең бастысы, олардың бойында мақсатқа жету жолындағы таптырмас қасиет – табандылық бар.  

Бірінші “Ғарыш” – Кəрім Аяжан Қанышқызы.
Ол 2002 жылдың 13 жұлдызында Орал қаласында дүниеге келген. Қазір қазақтың Ақұштаптай ақын қызын дүниеге әкелген Ақжайық ауылында ата-анасы және кішкене сіңлісімен бірге тұрады.

Әрине, ауасында поэзия қалықтап жүрген мекенді тұрақ еткен Аяжанның сүйікті ісі: кітап оқу, әсіресе, Төлен Əбдік туындылары ("Парасат майданы"), фильмдер қарау, жаңа өлеңдер іздеу жəне соларды тыңдау.
Ешкімді үлгі тұтпайды! Міне, мықтылық!

Аяжанға қатысты тағы бір ерекшелік: ол өзі сүйіп тыңдайтын әуендер мен кинофильмдерді және әдемі суреттерді өзгелерден қызғанады екен.
Мақсатына берік бикештің кейде аздаған жалқаулығы ұстап қалады. Ондай-ондай ханның қызында да болады емес пе?!  Сосын... Кішкене қырсық. Бұл бойжеткеннің бойына біткен қырсықтық қыңырлыққа емес, қылықтылыққа саяды.

Ал, десертке ол пианино мен қобызда ойнай алады.

Екінші “Ғарыш” – Аманкелдиева Сандуғаш. Ханның қызы деп осы Сандуғашты айтуға болады. Өйткені, ол – төрт ұлдың ортасында ерке өсіп келе жатқан жалғыз жауқазын. Бауыржан Момышұлы мен Шерхан Мұртаза сынды алыптар туған Жамбыл облысы Жуалы ауданы Нұрлыкент ауылында тұратын Сандуғаш та кітап оқуды әдетке айналдырған.

Өзі анасын үлгі тұтады! Оның бойынан да сол кісіге тән мейipiмдiлік табылады.

Үшінші “Ғарыш” – Кəрім Айнəзік Райсқызы.
Айнәзік! Есімі қандай?! Өзі қандай?! Ең нәзігіміз 2001 жылдың 21 маусымында Орал қаласында дүниеге келген. Отбасында 4 ағайынды: 2 ағасы жəне сіңлісі. Бос уақытында кітап оқиды, музыка тыңдайды, фильмдер/драмалар қарайды.

Адамдармен тез тіл табысып кететін қабілеті жоқ болса да, өзіне таныс ортада өте ашық әрі ақжарқын. Үнемі көңілді жүруге тырысады. Жақындарына қамқор жəне адал. Өз-өзіне деген сенімділігі соншалық жоғары болмаса да, ақ арманның орындаларына бар жанымен сенеді.

Топта, Гүлсезім Әйтімова және Күлімсін Ақәділ деген “Ғарыштар” болған, өкінішке орай, уақыттары болмаған соң олар Күн жүйесінен тыс қалды.

А. Оралқызы