OYLA журналы шетелдерде шыға бастады

OYLA журналы шетелдерде шыға бастады

Қазақстандық ғылыми-көпшілік OYLA журналының франшизасы Австралия мен Жаңа Зеландия шығарыла бастады. OYLA Youth Science деп аталатын журнал 2017 жылдың 1 сәуірінен бастап ай сайын шығатын болады. Жаңа басылымның таралымы – 20 000 дана, аудиториясы – жас студенттер, мектеп оқушылары мен ересектер. Баспагерлер атап өткендей, журналды ғылыми пәндер мұғалімдері мен  Жаңа Зеландияның ірі мектептері көріп, жоғары бағалады. Журналға oyla-science.com сайты арқылы жазылуға болады.

– Екі жылдың ішінде біз OYLA басылымының жиырма нөмірін шығарып үлгердік. Осы уақыт ішінде редакциямыз журналдың сапасын арттыруға жіті көңіл бөлді, сондықтан халықаралық нарыққа шығуымыз осы жұмыстың заңды жалғасы болар. Біз Қазақстаннан экспортталатын алғашқы интеллектуалды өнім екенімізді мақтан тұтамыз, – деді OYLA журналының бас редакторы Гамзат Бияров.

Журнал ағылшын тіліне жай аударылып қоймай, батыстың білім беру жүйесінің ерекшеліктерін ескере отырып бейімделді. Шетелдік тәжірибе болашақта OYLA журналының қазақша нұсқасының сапасын арттыруда пайдаланылатын болады.

Қазіргі уақытта, тағы бірқатар елдердің баспашыларымен OYLA журналының франшизасын сатып алуға арналған келіссөздер жүргізіліп жатыр.

OYLA – Қазақстандағы алғашқы ғылыми-көпшілік  журнал, орта және жоғарғы сынып оқушылары мен білім алуға талпынатын ересек адамдарға арналған. OYLA журналы жаратылыстану ғылымдары – математика, физика, химия, биология, астрофизика бағытындағы мақалалардан, гуманитарлық ғылымдар – тарих, риторика, тіл ғылымдары бағытындағы және жалпы танымдық мақалалалардан, қызықты оқиғалар, теоремалар мен есептерді анықтау, өнертабыстар, ғалымдардың ашылулары туралы мәліметтен тұрады. Балаларға күрделі заттарды жеңіл тілмен түсіндіреді.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Джек Ма Қытайдағы ең бай адам мәртебесінен айырылды
Джек Ма Қытайдағы ең бай адам мәртебесінен айырылды
Өткен тәулікте 69 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған
Өткен тәулікте 69 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған
Екі ел еншілей алмай жүрген тау
Екі ел еншілей алмай жүрген тау
Сағыз жабысқан қабырға
Сағыз жабысқан қабырға
Бразилия сөзі қандай мағына береді?
Бразилия сөзі қандай мағына береді?
Дронмен түсірілген 2020 жылдың үздік суреттері
Дронмен түсірілген 2020 жылдың үздік суреттері