Жігіт өзін мәртебелі мырзадай сезінуі керек

Жігіт өзін мәртебелі мырзадай сезінуі керек
Фото: vk.com

Бұрынғы заманның балаларын өмірдің қиыншылығы тез есейтетін болса, қазіргі балалар техниканың дамуымен тез жетіледі. Олар кейде сіздің ойыңызға кіріп шықпаған пікірімен таңдандыруы мүмкін. Галина Созанчук жазған мектеп жасындағы қыздың анасымен болған диалогын оқып көріңіз.

– Қызым, ұялы телефоның қайта-қайта шырылдап мазамды алды, дауысын жай қойшы. Кім саған хабарласып жатқан?

– Ұлдар ғой.

– Не сұрайды олар?

– Әртүрлі. Не істеп жатырсың, серуендеп келейік пе, сабаққа бірге ала кетейін бе, ертең сөмкеңді көтерісейін бе дейді.

– Олардың барлығы неге саған хабарласа береді?

– Оны қайтесіз, анашым?

– Жай, адамдардың психологиясына бойлайын деп едім.

– Жарайды, айтайын. Ұлдар үнемі өздерін мақтап, мадақтап отыруыңды қалайды. Бұл олардың басынан сипау сияқты, тек қолыңмен емес. Тіпті біз ең жаман деп ойлаған баланың да жақсы жағы болады. Ол дене шынықтыру пәнінде барлығынан ұзаққа секіруі мүмкін немесе танктің суретін жақсы салады деген секілді. Ал мұны оған анасынан басқа ешкім айтып, мәртебесін көтермейді. Ал мен олардың кішкене ерекшеліктерін елеп, үнемі айтып отырамын. Өтірік көлгірсімей, шынында істеген әрекеті бойынша сөйлеймін. Оларға тамсанғанда, қымсынбай, ойымды дауыстап сыртқа шығарамын.

 – Бұл қыздарда да, тіпті ересектерде де осылай.

– Оны білемін. Сіз ұлдар туралы сұрадыңыз ғой. Тағы бір айтарым, қыздар олардың жанында өзін мықты етіп көрсетпеуі тиіс. Ұл өзін әрқашан мәртебесі биік сезінуі тиіс.

– Таэквондо үйірмесіндегі тобыңда барлық ұлда жасыл белбеу, сенде ғана көк қой. Мұны қалай түсіндіресің?

– Ой, – деп қолын сілтеп қояды қыз, – Ол Ұ-ұ-ұл-да-а-ар. Мен оларға жай ғана тестілеу кезінде аяқ астынан жолым болып кетті деймін. Ал жекпе-жекте жеңіп кеткен кезімде, ең басынан бастап сенімен шығуға қатты қорықтым, осы қорқынышым маған жеңіс әкелді деймін.

– Сонда оны алдайсың ба?

– Жоқ. Ол ұл болған соң шынында да қорқамын. Қыдырудың керегі жоқ, себебі жаттығу жасау керек. Сонымен бірге ұлдарды тамақтандыру қажет. Олар үшін бұл өте маңызды. Егер ұл үйінде дәмді тамақ пісіп жатқанын білсе, басқа ұлдармен не қыздармен қыдырмайды. Меніңше, олар өскенде сол үшін де үйленетін секілді. Сондықтан қоңырау кезінде мен оларды тамақтандырамын. Менің тамақ арқалап жүретініме сіздер күлесіздер. Оны өзім ғана жемеймін, ұлдарға да беремін. Тағы бір айтарым, олар шаршап, қарны ашып тұрғанда біз сөйлемеуіміз керек. Не үшін олар кейде ақымақша бір нүктеге қадалып отыратынын білесіз бе? Ақымақтықтан емес, керісінше, ақылдылықтан. Олар осылай өзіндік ойларымен оңаша қалып демалады, қыздар сияқты көп сөйлей беруге олардың қуаты жетпейді. Артық әңгімемен олардың басын қатыруға болмайды.

Оқушы қыздың сөзі бойынша, жігіттерді мақтаңыз, тамақтандырыңыз, себепсіз мазасын алмаңыз, өзіңізді одан мықты етіп көрсетпеңіз. Сонда олар өздері-ақ сізге үйір болады.

@. @assel_assanova