Өзгеше ойлататын қызықты жаттығулар

Өзгеше ойлататын қызықты жаттығулар
Фото: oc-group.ru

1936 жылы америкалық жазушы Дороти Бранд «Оян және өмір сүр» («Wake Up and Live») кітабында миға арналған қызықты жаттығулар ұсынды. Оқып танысып, ұнаса жасап көріңіз.

Танысыңызға тек өзі туралы ғана сөйлеуге мүмкіндік беріңіз. Өзі байқамайтындай етіп, тек жанама сұрақтар қою арқылы ғана әңгімесін тыңдап отырғаныңызды білдіріңіз.

Күні бойына барлық сұрақ пен ұсынысқа «иә» деп жауап беріп көріңіз. Тек бұл ақылға сыятындай болсын.

Адамдар көп жүретін кез келген жерге аялдаңыз да, ойша олардың өлшемін анықтап көріңіз.

Екі сағатқа қатаң жоспар құрып, міндетті түрде орындаңыз.

Бір күнде 15 минут бойына әңгіме арасына «мен, маған, менің» деген сөздерді қоспай сөйлеп көріңіз.

Күніне 1 сағат уақытты еш сөйлеместен өткізіңіз. Тек тікелей өзіңізге ғана қойылған сұрақтарға жауап беріңіз. Өзгелер сізді өкпелеп қалды екен деп не көңіл-күйі болмай отыр екен деп ойламасын. Өзіңізді мейлінше әдеттегідей қалыпта ұстаңыз. Жаттығу жөнінде де ешкімді құлағдар етпеңіз.

Алдыңызға 12 міндет қойыңыз. Мысалы үйден 20 километр қашықтыққа жүгіріп келу; 12 сағат бойына тамақ ішпеу; қолайсыз орында таңғы ас ішіп көру; біреу сұрақ қоймаса күні бойы сөйлемей жүру, түні бойына ұйықтамастан жұмыс істеу.

Күніне 30 минут бойына бір нәрсені ғана ойлаңыз. Басқа ештеңеге көңіл бөлмеңіз. Жаттығуды бес минуттан бастасаңыз болады.

Еш мақтаныш, шағым қоспастан әрі әңгімелесіп отырған адамыңыз жалықпайтындай тек өзіңіз туралы ғана сөйлеп көріңіз.

Бұл жаттығулар бір қарағанда ақымақ адамның ісіндей көрінуі мүмкін. Бірақ осылай өзіңізді жаңа қырынан танып, көптеген жаңа ойға келуіңіз мүмкін.

@. @assel_assanova