Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Алтын ұя / Мектеп өмірі / Диснейлендте де түрме бар

Диснейлендте де түрме бар

Диснейлендте де түрме бар

60 жылдық тарихы бар Диснейленд ертегілер әлемі әлі күнге дейін қонақтарын күліп қарсы алып жүр. Мультфильм кейіпкерлерімен бетпе-бет кездесуді армандайтын балалар бұл жерден тек аттракциондарды ғана емес, түрмелерді де көре алады екен. Одан асқан қызықты деректерге көз жүгіртіңіз.

– Диснейлендтің басты символы Микки Маус келген қонақтарды әртүрлі киіммен күтіп алады. Оның 290-ға жуық киімі бар. Демек, ол жылдың 365 тәулігінде  290 түрлі киім ауыстырады да, 38 киімін жылына екі рет киеді деген сөз. Оның құрбысы Миниде де мұндай көп киім жоқ шығар.

– 18 жылдан кейін (2035 жылы) Диснейленд саябағының ашылуына 80 жыл толады. Бұл мерейтой өзгелерінен ерекше болмақ, себебі 80 жылдығында Ұйқыдағы Арудың сарайында жасырылған құпия жолдаудың сыры ашылады.

– Аттракциондар мен үлкен ойыншықтарды безендіруге қымбат әрі ерекше бұйымдар қолданылған. Мысалы, «Кішкентай әлем» аттракционын әсемдеу үшін 317 сынамалы таза алтын жұмсалған, ал «Кариб теңізінің қарақшылары» бөлімінде адамның бас сүйегі бар екен.

– Әлем балаларына қуаныш сыйлай алған Уолт Диснейдің үйіне бас сұғушылар көп болған. Мұны байқаған Уолт үйінің жарығын сөндірмеген екен. Қазірдің өзінде бұл жарық сөнбей тұр.

– Саябақта сағыз сатып ала алмайсыз, тіпті саябақ сыртынан шайнап кіремін десеңіз де, рұқсат жоқ. Себебі, кішкентай балалар аттракционда байқаусызда жұтып қоюы мүмкін немесе қонақтардың аяғына жабысып қалуы ықтимал деген қауіпті жайлардың алдын алған. Сонымен қатар, Диснейлендте жаңғақ сатылмайды екен, неге десеңіз, көптеген баланың одан аллергиясы бар.

–  Паркте күзет бөлімі де бар. Олардың қатарында қолшам, дүрбі, тоқпақ ұстайтын күзетшілерден бөлек саябақ ішінде тышқан аулайтын мысықтар да бар. Пырылдақ күзетшілер тек түнде ғана қызмет етеді, ал күндіз жайлы үйшіктерінде ұйықтайды.

–  Мұнда тек аттракциондар ғана емес, түрмелер де бар. Күзетшілер тәртіп бұзған қонақтарға «Сыйлы қонақтар» («Treasured guests») деген құпия сөзбен ескерту береді екен. Ескертуден қорытынды шықпаса, «сыйлы қонақ» құқық қорғау органы келгенге дейін ертегі зынданына қамалады.

703 0
Рейтинг: +3

Фото: disneyland.com
Қосылған күні: 11 қаңтар, 18:32
Пікірлер
-1
14 қаңтар, 04:24

Сəлеметсіз бе! Өтініш өазақ сөзін қатесіз жазсаңыз екен. Кей қателіктер мақаланын сəнін бұзады. Мына жерде: Мұнда тек аттракциондар ғана емес, түрмелер де бар. Күзетшілер тртіп бұзған қонақтарға «Сыйлы қонақтар» («Treasured guests») деген құпия сөзбен ескерту береді. Дегенде " Күзетшілер тртіп" деп қойыпсыз соны "тəртіп" деп өзгертуіңізді өтінем.

+1
14 қаңтар, 04:25

Сəлеметсіз бе! Өтініш қазақ сөзін қатесіз жазсаңыз екен. Кей қателіктер мақаланын сəнін бұзады. Мына жерде: Мұнда тек аттракциондар ғана емес, түрмелер де бар. Күзетшілер тртіп бұзған қонақтарға «Сыйлы қонақтар» («Treasured guests») деген құпия сөзбен ескерту береді. Дегенде " Күзетшілер тртіп" деп қойыпсыз соны "тəртіп" деп өзгертуіңізді өтінем.

+0
15 қаңтар, 04:06

Түзетілді, рақмет) Сіздің "өазақ" дегеніңіз секілді тергенде кетіп қалған қате ғой.

+0
15 қаңтар, 04:14

Я сол қатені көріп қайттан түзетіп жаздым енді тез жазғаннан болар бұл жай ғана пікір ғой ал əлгі Мақала деген жадыңда сақталады ғой сондықтан айтып жатқаным...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...