Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Алтын ұя / Мектеп өмірі / Мектептегі қызықты қағидалар

Мектептегі қызықты қағидалар

Мектептегі қызықты қағидалар

Мектеп қабырғасындағы күнделікті күйбең тірліктен жалығатын кездер де  болады. Өзімізше өзгеріс енгізгіміз келеді. Сіз Қазақстандағы ең ерекше мектеп ережесін білесіз бе?

1993 жылы Алма Қыраубайқызының жетекшілігімен О.Жандосов ауылында жекеменшік қазақ гуманитарлық мәдениеті лицейі ашылды. Мектептің өзге мектептерден басты ерекшелігі ұстаз бен шәкірт арасында еркін қарым-қатынас орнады. Аталмыш мектеп ерекшелігіне назар аударайық.

1. Ұстаздар оқушыларға "сен" деудің орнына "сіз" деп сөйледі. Оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына мұндай ілтипаттың әсері болары сөзсіз.

2. Оқушының есіміне ұл бала болса "мырза" сөзі тіркесіп айтылды. Мысалы: Болат мырза, Қанат Мырза. Бастапқыда құлаққа ыңғайсыз естілуі мүмкін. Дегенмен, қалыптасуға болады.

3. Қыз баланың есіміне "бикеш" деген сөз тіркесіп айтылды. Мысалы: Әсел бикеш, Әйгерім бикеш

4. Ұстаздарды апай дегеннен гөрі жас ерекшеліктеріне қарай есіміне "бибі", "бике" сөздерін қосақтағанды жөн деп тапты. Мысалы: Күләш бибі, Сәуле бике

5. Қарапайым қоңырау үнінің өзі Кеңес Үкіметінен қалған даңғыр дыбыс емес, арнайы қазақтың күйімен беріліп отырды.

6. Би кештерінде мектеп ұстаздары оқушыларды сырттан бақылап тұрмай, өздері де ортаға шығып билеген. Бұл жерден байқайтынымыз, ұстаз бен шәкірт арасындағы шекараны бұзу. Өзінің ұстазының да билегенін көрген шәкірт ішкі ұялшақтық процесінен арылуы мүмкін.

7. Өзіне деген сенімді сезінген шәкірттер орынсыз ұялшақтықтан, бұйығылықтан арылған. 

8. Мектеп өмірінде жоғары жылдық және төменгі жылдық сынды шарттылық жойылып, бір-біріне  аға-іні, апа-сіңлі қарым-қатынасы болған. Бұл жерден аңғаратынымыз, үлкенге құрмет, кішіге ізет  мақалы толықтай жүзеге асқан.

9. Оқушылар пікірлесу мәдениетін едәуір меңгерген. Мектеп ұстаздары оқушыларды оқытудың демократиялық жолын ұстанған.

10. Сабақтар дәріс-диалог, дәріс-практика бағытында жүзеге асып отырған.

Әр бала – тағдырдың ата-анаға тартқан сыйы, табиғаттың ғажайып құбылысы. Сол себепті де, бала мектеп үшін емес, мектеп бала үшін жұмыс жасауы керек. Осы тұрғыда мектеп басшылығына жоғарыда айтылғандай  өз өтініш-тілектеріңізді жеткізуге болады. Мүмкін, сіздің идеяңыз бізден асып түсер. Қалай ойлайсыз?!

1
Рейтинг: +1

Дайындаған: Әсел Жутаева
Фото: Блоги / cpm.kz
Қосылған күні: 21 қазан 2016, 16:52

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.