Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Алтын ұя / Мектеп өмірі / Нигериялық студент Президентке киіз үй жасау бойынша жобасын таныстырды

Нигериялық студент Президентке киіз үй жасау бойынша жобасын таныстырды

Нигериялық студент Президентке киіз үй жасау бойынша жобасын таныстырды

ҚР Президентінің Павлодар облысына сапары барысында Павлодар мемлекеттік университетінің (ПМУ) студенттері өздерінің бизнес-жобаларын таныстырды.

ПМУ-ға Нигериядан оқуға келген Ноа Салако көшпенділердің дәстүрінен шабыт алып, баламалы энергия көздерін пайдаланатын киіз үйлерді әзірлеу және оларды Африка елдеріне жеткізу жобасын құрды.

Этноүлгі элементтері пайдаланылған «Aikerim - design» аталатын заманға сай киім үлгілерінің желісі, «KoumIce» қымыздан балмұздақ шығару өндірісі сондай-ақ,  «Tafella» талқан мен қоспадан жасалған қазақтың ұлттық десертін шығару бойынша студенттік стартап жобалар дәстүрлер тақырыбын жалғастырды.

Мемлекет басшысына ПМУ халықаралық стартап академиясының жобалары да таныстырылды. Олардың қатарында заманауи технологияларды, соның ішінде биогумусты пайдалана отырып, вирусқа шалдықпайтын картоп пен ірі бүлдіргенді өсіру бойынша әзірлемелер бар.

«Сапар барысында сондай-ақ, келешекте стартап жобаларды дамыту алаңына айналатын жаңа коворкинг орталығының ашылуы болды. Кездесу соңында студенттер Елбасына өз қолдарымен жасаған көбелек-галстукті сыйға тартты», - деп мәлім етті ПМУ баспасөз қызметінен.

Дереккөзі: bilim-all.kz

0
Рейтинг: +1

Фото: bilim-all.kz
Қосылған күні: 02 қазан 2016, 08:28

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.