Конституция күніне арналған сценарий

Конституция күніне арналған сценарий
Фото: massaget.kz

Презентация. Әуен ойналады. 

1-жүргізуші:
Тұлпардың беріп тынысын
Кемел болсын ұлы ісін!
Орнасын ұлы даламда,
Ынтымақ пен ырысын.

2-жүргізуші:
Егемендігім - елдігім,
Баянды болсын теңдігім!
Дәуірдің күрестерінде,
Үзілмесін белдігін.

1-жүргізуші:
Дарытпай бойға кеселді,
Шайқалтпай күміс кесенді,
Әділдік жолмен алып қал,
Тарихта кеткен есенді.

2-жүргізуші:
Тамырын жайған тереңге,
Төзімін ұқсап еменге,
Тамсанып тұрсын өзге жұрт,
Қазақтың елі дегенде!

1-жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар! Конституция күніне арналған «Айбарлы асқар елді асқақтатар Ата Заң» атты салтанатты кешімізге қош келдіңіздер! Ел тәуелсіздігінің кепілі Қазақстан Республикасының Конституцияы қоғамның негізгі міндеттеріне сай келетіндігін бүкіл әлем жұртшылығы танып отыр. 

1-жүргізуші:

Қазақстан Республикасы Ата Заңымызбен елдігіміздің белгісі көк байрағымыз көкте желбіріп, әнұранымыз әлемге шырқалып жүр.

2-жүргізуші:
Әрбір ел азаматының ендігі парызы осы құндылықтарды сақтау, қадірлеу, заңдарын орындау.

1-жүргізуші: 
Назар аударыңыздар! ҚР Мемлекеттік туы енгізілсін!

2-жүргізуші:
ҚР Мемлекттік туын енгізу құрметіне ие болғандар:
___________
1-жүргізуші:
___________
2-жүргізуші:
___________
Ту енгізіледі. Әнұран орындалады.

1-жүргізуші:
Құттықтау сөзден кейін марапаттау рәсімі басталады. 

Марапатталатын ұстаздар:
Марапатталатын тех.қызметкерлер:

2-жүргізуші:
Рахмет, апай. Бүгінгі іс-шарамыз жаңа оқу жылымен тұспа-тұс келіп отыр. Осыған орай дәстүрге айналған және игі істін бастамасы болып табылатын «Мектепке жол акциясын» бастайық.

1-жүргізуші:
Өткен оқу жылдың қорытындысымен дараланған бір топ оқушыларды марапаттауға рұқсат етіңіздер! Олар:

2-жүргізуші:
Ел Тәуелсіздігімнің кепілі, келешегімнің кемелі- Конституция кұніне орай келесі құттықтау сөзі мектебіміздің Алтын ұстазы ___________ беріледі. 

1-жүргізуші:
Рахмет, апай бүгінгі құттықтаулар әлі де өз жалғасын табуда. Келесі сөз легін мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімі ___________ жалғастырыды.

2-жүргізуші: Рахмет!

1-жүргізуші:
Еркін елдің Ата Заңы ардақты,
Әрбір сөзі, әрбір бабы салмақты.

2-жүргізуші:
Адам құқы, бостандығы, теңдігі,
Барлығын да қарастырған жан-жақты.

1-жүргізуші:
Қазақстан азаматтарының ыстық лебізін қабыл алайық.

2-жүргізуші:
Назар аударыңыздар! ҚР мемлекеттік туы шығарылады. ҚР мемлекеттік туы шығарылсын.

1-жүргізуші:
Ата заңым – барлық заңның негізі,
Ата Заңым бабалардың лебізі.
Арқа сүйер Ата заңға адамдар,
Артық санау, кемсітудің жоқ ізі.

2-жүргізуші:
Халқымыз бірлікте, татулықта тыныш өмір сүрсін!

1-жүргізуші:
Еліміздін абыройы мен мәртебесі асқақтай берсін!

2-жүргізуші:
Бүгінгі «Айбарлы асқар елді асқақтатар Ата Заң » тақырыбындағы салтанатты кешіміз өз мәресіне келіп жетті. 

1,2-жүргізуші: Жаса, асққата Ата заң!

Патриоттық ән шырқалады.

Дереккөз: ustazbol.kz

Г. Берік