Гарри Поттер туралы жаңа кітап жарыққа шықты

Гарри Поттер туралы жаңа кітап жарыққа шықты
Фото: independent.co.uk

Harry Potter and the Cursed Child («Гарри Поттер және қарғыс атқан бала») деп аталатын кітаптың 8-ші бөлімі түн ортасында сатылымға шықты. Әлемнің кітап дүкендері осы оқиғаға байланысты түнгі режим жұмысына ауысқан.

Қазіргі уақытта кітап сөрелерін адамдар тобыры тез арада босатып жатыр. Әйгілі британдық Waterstones кітап сататын желісінің 140 дүкені бұл түні Поттерға арналған кеш өткізген. Ол жерде түрлі байқаулар мен кітаптағы кейіпкерлердің үздік костюмдеріне арналға жарыс өткен. Жалпы Поттер туралы кітаптың 7-ші бөлімін оқырмандар соңғы деп шешкен болатын. Дегенмен әйгілі жазушы Джоан Роулинг жанкүйерлерін тағы да таңырқатты. 8-ші бөлімде 36 жасқа келген сиқыршы Поттер туралы шытырман оқиғалар баяндалады.

Дереккөз: baq.kz

Е. Жұмабайұлы