Көкжиегіңізді кітаппен кеңейтіңіз

Көкжиегіңізді кітаппен кеңейтіңіз
Фото: massaget.kz

Максим Горький ғана емес, барлығымыз да бойымыздағы жақсы қасиеттеріміз үшін кітапқа борыштымыз. Артық кітап оқымадым дегеннің өзінде, мектеп оқулығынан сусындамаған адам жоқ шығар. Осыны біле тұра, жақсы қасиетімізді арттыру үшін, неге кітапқа көбірек жүгінбеске?

Алдымен қаржылық сауатыңызды арттырыңыз. Өміріңізге ақшаны орынды пайдалана білу ережесін енгізіңіз. Өз ісіңізді құрып, оны алға жылжытудың алғышарттарын үйреніңіз. Бұл жолда көмекке келетін кітаптар:

– Марат Әбиев «Қазақстандық арман»;
– Роберт Кийосаки «Бай әке, жарлы әке»;
– Юрий Мороз «Бизнес. Данышпанға арналған жәрдемақы»;
– Роберт Аллен «Табыстың қайнар көзі».

Тіл байлығыңызды молайтып, сөздік қорыңызды көбейтіңіз. Көп сөйлемеймін, шешен тіл қажеті жоқ деген күнде де, мерекелік отырыстарда тілек айтуға тура келеді. Ойыңызды орнықты жеткізе білмесеңіз де, әдеби кітаптан алшақ жүреріңіз білініп тұрады.

– Шерхан Мұртаза «Қызыл жебе»;
– Ілияс Есенберлин «Маңғыстау майданы» (немесе «Қара алтын»);
– Бауыржан Омарұлы «11-ші қаламұш».

Адам жады қалай жұмыс істейтінін біліңіз. Владимир Козаренконың «Мнемотехника оқулығы» кітабын оқыңыз. Егер балаларыңыз болса, есте сақтау техникасын қолдану арқылы мектепте үздік атанады.

Соқыр терім машығын меңгеріңіз. Стамина бағдарламасымен аптасына 2 рет 15 минуттан жаттығу жасаңыз. Санаулы уақыт ішінде тез теру қабілетіңізбен өзгелерді таңдандырасыз. Ең бастысы, мәтін терімінде уақыт үнемдейсіз.

Жылдам оқуды үйреніңіз. Бір ай жаттығу жасасаңыз, екі есе жылдамырақ оқисыз. Ол үшін Олег Андреевтің «Жылдам оқып үйрену» кітабындағы барлық жаттығуды орындаңыз.

Болжап үйреніңіз. Ой жүйесін дамытатын арнайы техникалар бар. Оны кітап арқылы да жүзеге асыруға болады.

– Дидар Амантай «Гүлдер мен кітаптар»;
– Эдварда де Боно;

@. @assel_assanova