Соңғы қоңырау

Соңғы қоңырау
Фото: fonstola.ru

Бүгін еліміздің барлық мектептерінде соңғы қоңырау салтанаты. Түлектер аяулы мектебімен қоштасып, ұстаздарына алғыстарын айтып, қимастық сезімдерін білдіріп жатыр.

Ақ бантигін тағынған оқушы қыздар мен галустуктері желмен жарыса желбіреген оқушы ұлдар гүлдерін көтеріп, салтанат даусы естілген мектепке қарай ағылды. Биыл мұндай түлектер саны – 127 411. Бұл түлектердің 86 991-і Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатыспақ. Олардың ішінде 4 832-сі «Алтын белгіге» үміткер. Бұл оқушылар маусымның 1-20 жұлдызы аралығында білім сынағынан өтеді.

Оқу жылын бітірген кезде оқушылар мына емтихандарды тапсырады:

Келесі сыныпқа көшу емтихандары 5-8 және 10-сынып оқушылары 31 мамырға дейін (емтиханды озат оқушылар тапсырмайды). 9-сынып оқушылары 30 мамырдан 15 маусымға дейін 3 міндетті емтихан мен ауызша емтихан және таңдау пәнінен емтихан тапсырады. Бітіру іс-шарасы мемлекет бойынша 17 маусым күні өтед3.

Барлығыңызды бүгінгі соғылған соңғы қоңырауыңызбен құттықтаймыз. Демалыс маусымы сәтті өтсін деген тілегімізді жолдаймыз. ҰБТ тапсыратын оқырмандарымызға 125 балл жинауына тілектеспіз!

Г. Берік