Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Алтын ұя / Мектеп өмірі / Үйде жасауға болатын зертхана

Үйде жасауға болатын зертхана

Үйде жасауға болатын зертхана

Балалармен бірге уақытты қалай қызық өткізуге болады? Балаңызбен бірге жасап көріңіз! 

1. Статикалық электр көмегімен судың ағысын өзгерту 
Ағып жатқан судың бағытын жай ғана тарақтың көмегімен өзгертіп көрдіңіз бе? Бұл оңай тәжірибе балалардың көңілінен шығып, қызықтыратынында күмән болмасын! 
Тәжірибеге керек нәрселер: 
Құрғақ пластикалық тарақ. 
Таза, құрғақ, шашқа толы бас :) 
Не істеу керек? 
1. Кранды қосып, суды баяу ағызыңыз. 
2. Пластикалық тарақты алып, шашыңызды он рет тараңыз. 
3. Тарақты суға жақындатыңыз, бірақ тигізбеңіз. Егер бәрін дұрыс жасасаңыз, су ағыны баяу тараққа қарай тартыла бастайды. 
Құпиясы неде? 

Сіз шашыңызы тарағанда, электрондар деп аталатын шаштың атомдары тарқата жинақталады. Бұл электрондар теріс зарядты болып келеді. Яғни, тарақ енді оң зарядты нәрселерді өзіне тарта алады деген сөз. Сол себептен, тарақты суға жақындатқанда, тарақ судың оң зарядтарына тартылып, ағыс бағытын өзгертеді. 

2. Батпайтын қыстырғыш 
Темірден жасалған қағаз қыстыратын қыстырғышты суға салғанда оның батпай, қалқып жүруі мүмкін бе? Әбден мүмкін! 
Тәжірибеге керек нәрселер: 
Қағаз қыстыратын қыстырғыш (пластикалық болмауы керек). 
Папирос қағазы немесе көшірме қағаз. 
Су толтыратын ыдыс. 
Басында өшіргіші бар қарындаш. 
Не істеу керек? 
1. Ыдысқа су толтырыңыз. 
2. Судың бетіне қағазды тастаңыз. Әрбір қимылыңызды асықпай жасап, мұқият болғаныңыз жөн. 
3. Қағаздың үстіне ақырындап қыстырғышты қойыңыз. 
4. Енді қарындаштың өшіргішімен қағазды шет шетінен басып, суға батырыңыз. Қыстырғышты тиіп кетпеу керек! Вуаля! Қыстырғыш су бетінде қайық сияқты қалқып жүр! 
Құпиясы неде? 

Су бетінде су молекулалары бір-бірін тығыз ұстап тері тәрізді қабат құрайды. Қажетті шарттар орындалғанда, бұл терінің тығыздығы қағаз қыстырғышын "ұстап" тұруға жеткілікті. Шын мәнінде қыстырғыш қалқып жүрген жоқ, оны су бетіндегі аталмыш "тері" ұстап тұр. Бұл физикада "беттік керілу" деп аталады. 

3. Түрлі түсті симфония 
Өздігінен қимылдап, әуенсіз симфония орындайтын бояуларды көрген жоқсыз ба? Онда балаларыңызбен бірге осы тәжірибені орындап көріңіз. 
Тәжірибеге керек нәрселер: 
Пешке арналған тегіс табақ (противень). 
Майлылығы 3,5% кем болмайтын сүт (майсыздандырылған сүт бұл тәжірибеге келмейді). 
Ас бояғыштар (кем дегенде 3 түсті). 
Ыдыс жуатын сусабын. 
Не істеу керек? 
Табаға түбін толтыратындай сүт құйыңыз. Үстіне әр жерден ас бояғыштарының 6-8 тамшысын қосыңыз. Әр тамшының үстіне ыдыс жуатын сусабынның шамамен 5 тамшысын тамызыңыз. Енді балаларыңызбен бірге басталған шоуды тамашалаңыз! 
Құпиясы неде? 

Ыдыс-аяқ жуатын сусабындар майды тарқатуға арналғанын білеміз. Алайда біз сүттің құрамында да май бар екенін ұмытып кетеміз. Ыдыс жуатын сусабын сүттің құрамындағы майды тарқату барысында түрлі түсті бояулардың пішіні өзгеріп тұрады. Сондықтан сүттің бетінде әдемі шеңберлер пайда болады. 

4. Ашытқының көмегімен үрленген шар 
Шарды тек ауызбен немесе арнайы құрылғымен үрлеуге болады деп ойлайсыз ба? Онда бұл тәжірибе тек балаларды ғана емес, сізді де қызықтыратыны сөзсіз! Ашытқыңызды дайындап қойыңыз. 
Тәжірибеге керек нәрселер: 
Ашытқы. 
Бос, таза пластикалық құты. 
1 ас қасық қант. 
Жылы су. 
Шар 
Не істеу керек? 
1. Бос құтыға кішкене жылы су құйыңыз. 
2. Ішіне ашытқыны салып, шайқаңыз. 
3. Содан кейін қант қосып, тағы да шайқаңыз. 
4. Шарды 1-2 рет ауызбен үріп, желін қайта шығарыңыз. Ол шардың ішінен жабысып қалмауын қамтамасыз етеді. Содан соң шарды құтының аузына бекітіп қойыңыз. 
5. Құтыны жылы жерде 20 минуттай ұстаңыз. 
6. Бәрін дұрыс жасасаңыз, шардың өздігінен үрленіп келе жатқанын байқайсыз. 
Құпиясы неде? 

Ашытқы мен қанттың қосылу реакциясы барысында карбон диоксид деп аталатын газ бөлінеді. Бұл газ құтыны толтыра бастайды. Құты газға толған сайын, ол шарды үрлейді. 
5. Стақан ішіндегі лава 
Лава тек жанартау атқылағанда ғана сыртқа шығады деп ойласаңыз, мына тәжірибені жасап көріңіз. 
Тәжірибеге керек нәрселер: 
Су ішетін стақан. 
1/4 кесе өсімдік майы. 
1 шай қасық тұз. 
Су. 
Ас бояғыштар (бір түс жеткілікті). 
Не істеу керек? 
1. Стақанның 3/4 бөлігін сумен толтырыңыз. 
2. Шамамен 5 тамшы бояғышты қосыңыз. Лаваға ұқсас болу үшін қызық түсті бояғышты таңдаған абзал. 
3. Өсімдік майын ақырын қоса бастаңыз. Майдың су бетінде жиналып жатқанын бақылаңыз. 
4. Қызық енді басталды: майдың бетіне тұзды себіңіз! 
5. Май түйіршіктеріның лава сияқты жоғары-төмен жылжып жатқанын көресіз! 
Құпиясы неде? 

Әрине, бұл шын лава емес. Алайда, соған ұқсайды ғой? Майдың тығыздығы судан аз болғандықтан, ол су бетінде қалқып жүреді. Ал тұздың тығыздығы судан жоғары болғандықтан ол төмен түседі. Төмен түсу барысында майдың түйіршіктерін өзімен бірге ала кетеді. Алайда, кейбір май түйіршіктері тұздан ажырап, қайта судың бетіне көтеріледі. Соның нәтижесінде, біз әдемі көріністің куәсі боламыз. 

Дереккөз: comode.kz

Фото: ummi-online.com
Қосылған күні: 19 наурыз, 17:26

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.