Зеректігіңізді тексеріңіз

Зеректігіңізді тексеріңіз
Фото: surprisedog.livejournal.com

Сұрақтарды оқып шығып, дереу жауап беруге тырысыңыз. Көп ойлануды қажет етпейді, өз-өзіңізді алдауға тырыспаңыз.

1. Жарысқа қатысып жатып, сіз екінші болып жүгіріп келе жатқан жүйрікті басып оздыңыз. Сіз қазір нешінші орындасыз?

Жауап: Егер бірінші орындамын деп жауап берсеңіз – дұрыс емес. Өйткені сіз екінші жүйрікті басып оздыңыз, яғни соның орнына келдіңіз. Сәйкесінше қазір екінші орындасыз.

Ал екінші сұраққа мұқият болыңыз.

2. Сіз ең соңғы болып келе жатқан жүйрікті басып оздыңыз. Енді қай орындасыз?

Жауап: Егер соңғысының алдындамын (предпоследний) десеңіз, сіз тағы қателескеніңіз. Ойланып қараңызшы. Ең соңғы болып келе жатқан жүйрікті қалай басып озуға болады? Егер сіз оның артынан жүгіріп келе жатсаңыз, онда ол соңғы болмағаны ғой. Яғни, жауап: бұл мүмкін емес.

Үшінші сұрақ. Ештеңені жазбаңыз және калькулятор қолданбаңыз. Тез жауап беру керек екенін ұмытпаңыз.

1000 санын алып, оған 40-ты қосыңыз. Тағы да 1000 қосыңыз. 30 санын қосыңыз. Тағы да 1000 қосыңыз. Қосу 20. Қосу 1000. Қосу 10. Қандай сан шықты?

Жауап: 5000? Тағы да дұрыс емес. Дұрыс жауап 4100. Калькуляторда есептеп көріңіз.

Сонымен тағы да бір сұрақ. Мүмкін осы жолы жолыңыз болар?

Мэридің әкесінің бес қызы бар: 1. Чача 2. Чече 3. Чичи 4. Чочо.
Сұрақ: Бесінші қызының аты кім? Тезірек ойланып, жауап беруге тырысыңыз.

Жауап: Чучу дейсіз бе? Әрине, жоқ. Оның аты Мэри. Тағы да сұрақты қайталап оқып шығыңыз.

Қаншалықты зерек екенсіз? Қай сұраққа мүдірмей жауап бердіңіз?

akzere.wordpress.com

@. @assel_assanova