Хорватия оқушылары 3 кезең бойынша білім алады

Хорватия оқушылары 3 кезең бойынша білім алады
Фото: edplace.com

Әлемдегі барлық бала білім алып, үйренуге құқылы. Дегенмен әр елдің танымына, қоғамдық жағдайына байланысты оқу жүйесі әртүрлі болары анық. Мысалы Хорватияда оқушылар оқу жылы барысында дәстүрлі бағамен бағаланса, жыл соңында өзгеше бағаланады.

Хорватия елінің білім бері жүйесі үш кезеңнен тұрады. Алғышқысы 8 жылдық мектеп. Бұл мектепте барлық бала білім алу міндетті. Содан соң оқушы орта мектепке ауысады. Мұнда оқушы гимназия немесе арнайы мектеп бағдарламасы бойынша 4 жыл білім алады. Содан соң үшінші сатыға – төрт немесе бес жылға созылатын жоғарғы оқу орнына қадам басады. 

Мектепке дейінгі білім алу

Жеті жасқа дейінгі балалар мектепке дейінгі дайындық сыныбына барады. Бұл міндетті емес. Бұл елде ата-аналардың тең жартысы балаларын әдеттегі мектепке дейінгі мектепке береді екен. Әр топта 20-ға жуық бүлдіршін білім алады. Статистика бойынша бір тәрбиешіге 12 оқушыдан келеді екен. Бүлдіршіндерге арналған бағдарлама 5-10 сағатқа негізделген. 

Бастауыш білім 

Бастапқы саты бойынша оқушылар 8 жыл білім алады. 8 жыл екі бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлім біздің бастауыш сынып секілді: төрт жыл бойы бір мұғалімнен білім алады. Ал екінші кезеңде әр пәннен әртүрлі мұғалімдер сабақ береді. Хорватия мектептерінің 75%-ы екі ауысымдық, 20%-ы бір ауысымдық. Ал қалғаны үш ауысымдық. Яғни кешкі мектептер де жоқ емес. 

Елдегі мектептердің басым бөлігі мемлекет еншісінде. Соңғы жылдары тек тәжірибе үшін жекеменшік мектеп ашылған екен. Барлық мектепте сабақ ана тілінде өтеді. Тек шетел азаматтары тұратын жергілікті жерлерде венгр, украин, чех мектептері ашылған. Мысалы Хорватия астанасы Загреб қаласында арнаулы еврей оқу ғимараты бар. Осиек қаласында неміс мектебі бар.

Орта білім 

Бастауыш мектепті тәмамдаған соң, оқушы орта мектепті өзі таңдайды. Хорватияда орта мектептің көп түрі кездеседі. Мысалы гимназия мектебі. Мұнда оқушы 4 жыл білім алады. Екінші түрі техникалық мамандандырылыған мектеп. Бұл мектепте де 4 жыл білім алады. Үшінші түрі өнер мен мәдениетке бағытталған мектеп. Сурет, ән-би секілді өнер түрлерін жетілдірем деген оқушы осы бағытта білім алады. Төртінші түрі қолөнер мектебі. Бұл мектеп 3 жылдық білім береді. Мектептің бесінші түрі төменгі сатыдағы техникалық білім береді. Хорватиялық оқушылардың дені гимназия мектептерін таңдайды екен. Себебі, ЖОО-ға түсуге ықпалы зор. Екінші орында техникалық мектеп. Бұл мектепті бітірген оқушылар машина құрастыру, туризм, металлургия саласында білімдерін шыңдайды. 

Бағалау жүйесі 

Хорватия еліндегі бағалау жүйесі біздің елдегідей «4», «5» деген бағалармен негізделген. Ал оқу жылының қорытындысы төмендегідей бағаланады: 
5,00–4,50 Үздік 
4,49–3,50 Өте жақсы 
3,49–2,50 Жақсы 
2,49–2,0 Қанағаттанарлық 
1,49–1,0 Қанағаттанарлықсыз 

Г. Берік