Алтын күз (ата-аналарға арналған)

Алтын күз (ата-аналарға арналған)
Фото: mousosh-43.ucoz.ru

Мақсаты: Балабақша мен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты дамыту. Балалардың әртістік қабілетін, досшылдығын, өзгешеліктерін дамыту. 
Көрнекілігі: ұлағатты сөздер,буклеттер, плакаттар. 

1-жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ата-аналар! 

Жиылған қауым, армысыздар бәріңіз, 
Келіп жетті алтын дәнді сары күз. 
Бірге болып қуанышта бәріңіз, 
Бізбен бірге шаттық әнін салыңыз. 

2-жүргізуші:

Сіздерді Алтын күз мерекесімен құттықтаймыз! Бүгін бізде Алтын күз мерекесіне орай ата-аналардың қатысуымен өткелі отырған сайысымызға келгендеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз.

Сайысымызды бастамас бұрын «Абзал» тобы жігіттерінің биін тамашалаңыздар.

«Абзал» тобы «Жігіттер» биі

Тәрбиеші: Бүгінгі сайысымызды сіздерге қызықты етіп ұсыну үшін өз үлесін қосатын әділ-қазылар алқасымен, сайыскерлерімізбен және сайыс шарттарымен таныстырып өтсек.

Сайыскерлерімізді 5 шарт бойынша сынайтын боламыз. Ол шарттар: 
1-шарт: Таныстыру 
2-шарт: «Алтын күз» көрмесі ( жеміс-жидектерден)
3-шарт: Өнер (балалары тақпақ айтады, анасы салат жасайды)
4-шарт: Сән үлгісі (балалары көрсетеді)
5-шарт: Букет жасау (салфетка, түрлі-түсті қағаздан басқа да материалдардан жасау)

1-шарт: Таныстыру 
Сайыскерлер келіп жетті танысуға, 
Бойындағы бар дарынды дарытуға. 
Қорықпастан сахнаға келіп жетті,
Әдеппен, ізетпен танысуға, - дей келе алғашқы сайыскерлеріміздің өзін-өзі таныстыру сайысын бастайық.

«Ару» тобының орындауында  «Жеміс-жидектер шеруін» қабыл алыңыздар.

2-шарт: «Алтын күз» көрмесі ( жеміс-жидектерден)

Жүргізуші: Сайысымыздың екінші шартында сайыскер жұптар өз қолынан жасаған қолөнерлерін ұсынады.

Әр жұп өздерінің дайындап келген көрмесін  әділ қазыларға және көрермендерге таныстырып өтеді. Әділ қазылар әр жұпқа бағаларын береді және ойларын білдіреді.

«Абзал» тобы - би «Күзгі жапырақтар». 

3-шарт: Өнер (балалары тақпақ айтады, анасы салат жасайды)

Жүргізуші:
Келесі шартта сайыскерлерімізге өз өнерін көрсету талап етілген. Әр жұптың кішкентай бүлдіршіндерінің өнерлерін тамашалайық. 

Әділ қазылар әр жұпқа бағаларын береді .

«Мерей» - «Орыс биі».

4-шарт: Сән үлгісі (балалары көрсетеді)

Жүргізуші:
4-шартта әр жұп өз қолдарынан жасалған, тек мата, жіптен бөлек заттар арқылы жасалған сән үлгісін көрсетеді. 

Әділ қазылар әр жұпқа бағаларын береді және ойларын білдіреді. 

5-шарт: Букет жасау (салфетка, түрлі-түсті қағаздан басқа да материалдардан жасау)

Жүргізуші:
Соңғы қорытынды шартта әр жұп бүгінгі Алтын күз мерекесіне арнап букет гүл жасайтын болады.

Шарты: 3 түсті шелек берілген ішінде, 3 түрлі материалдар бар: 1 салфетка, 2 түрлі-түсті қағаз, 3 гербари жасау. Қажетті барлық құрал-жабдық осы шелекте бар.
Барлық сайыскерлер ортаға шығып, букеттерді жасайды.

«Мерей» - «Қолшатыр» биі.

Біткесін букеттерін ұсынады. Әділ қазылар әр жұпқа бағаларын береді және ойларын білдіреді. 

Құрметті қонақтар, біздің бүлдіршіндеріміз облысымыздағы  «Ботақан» телефестиваліне «Көңілді қыздар» биімен қатысып лауреат атанып келдіОртада «Көңілді қыздар» биін тамашалаңыздар.

Жүргізуші:
Жеңістер мен жеңілістен тұратын, 
Өмір күрес, жеткізе ме мұратын.
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегін, 
Қатысу да бір жеңіс, жан болсан сен ұғатын, - дей келе әділ қазылар алқасы қорытынды бағаларын жариялау кезегін ұсынсақ. 

Әділ қазылар сайыс нәтижесін жариялайды, өз пікірлерін білдіреді. Қорытынды сөзді сөйлеп, сайысты тәмамдайды.

asyl-bilim.kz

@. @assel_assanova